ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН ДЕГЕН НЕ?

7 көрілім

Жалпы, халықтың алғашқы әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру үшін электронды қызметтер түрін барынша дамыта түсу керек екені белгілі. Қала тұрғындарына оңтайлы электронды қызметтер туралы аз-кем ақпараттар ұсынып отырмыз. Былтыр «eDensaulyq» сияқты маңызды әлеуметтік электрондық сервистер іске қосылған. Бұл қызмет аясында азаматтардың донорлық мәртебесін, ішетін дәрілерінің рецептілерін, жүкті әйелдерді есепке алу, ауруханаға жатқызу бойынша кеңейтілген ақпараттар осы сервиске жиналып тұрады.

«Ұялы байланыс қосымшасы пациентке өзінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуді басқаруға, өзінің ЭЦҚ көмегімен келісімдерге қол қоюға, емханаға бармай-ақ дәрігермен онлайн кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Дәрігерлер өз кезегінде денсаулық сақтау жүйелеріндегі пациенттің деректеріне қол жеткізе алады. Олар медициналық ақпараттық жүйенің «бір терезесінде» жұмыс істей алады және көптеген құжаттарды толтырудың қажеті болмайды», – деді мамандар.  Бұл бағыттағы маңызды жұмыстардың тағы бірі – «әлеуметтік әмиян» жобасын дамыту.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге отбасылардың әл-ауқатын 80 параметр бойынша өлшеуге мүмкіндік беретін отбасылардың цифрлы картасын әзірледік. «Әлеуметтік әмиян» платформасы қазір ілкі жоба ретінде жұмыс істеп тұр. Яғни, қазір әлеуметтік осал топтағы азаматтар  eGov платформасыдағы «әлеуметтік әмиян» арқылы өзіне керек қызмет түрін пайдалана алады. Қазір жобаға 13 млн адам тіркелген», – дейді мамандар.

Баршамызға аян, «қаңтар трагедиясы» кезінде елде интернет уақытша бұғатталып, Төтенше жағдай орнаған кезде «цифрлы ақшаға» үйренген халық тіпті азық-түлік ала алмай қалды. Өйткені, интернет жоқ болған соң, электронды қызметтердің бәрі, банк қосымшалары мүлде істен шықты.

«Қаңтар оқиғаларынан түйгеніміз, мемлекет төтенше жағдайға қарамастан, аса маңызды деген интернет ресурстардың жұмысын мүлде тоқтатпауы керек. Адам өмірін құтқаратын нысандар, мемлекеттік және кейбір жекеменшік ұйымдар, яғни, электронды үкімет пен банк қосымшалары сияқты ресурстар кез келген жағдайда жұмыс істеп тұруы керек. Сондықтан қазір біз кез келген жағдайда қолжетімді болатын интернет-ресурстардың тізімін жасап, оны нормативтік-құқықтық акт ретінде бекітіп, төтенше жағдайлар бола қалса, ол қызметтерді бәрі бір халыққа қолжетімді етпекпіз», – деді сөзін түйіндеген министр.

Наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Президенттің цифрлық теңгенің көмегімен бюджет қаражатын игеру процесінде «ақшаны бояу» пилоттық жобаларын масштабтау жөніндегі тапсырмасын іске асыру талқыланған еді. Түркістан тұрғындарын цифрлық даму саласындағы тағы бір жағымды жобамен таныстырмақпыз. Өздеріңіз білетіндей, осы жылы 7 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалау және қадағалау жөніндегі жобаларды масштабтауды тапсырды.

Осы бағытта бюджет қаражатын игеру үдерістерінде «ақшаны бояу» тетігін енгізу ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасына негізделді.

Бұл тетік Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің Қазынашылығымен өзара іс-қимыл жасай отырып енгізетін «цифрлық теңге» платформасы негізінде іске асырылатын болады. 

«Әрине, цифрлық теңге – жымқыруға жол бермеудің маңызды, прогрессивті құралы. Оны енгізу бюджет қаражатын тиімді, мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.

«Ақшаны бояуды» пилоттық енгізуді іске асыру үшін жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың бірі ретінде – жол салу, ӘКК-нің бөлінген қаражатын пайдалану және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды субсидиялау айқындалды.

Пилоттық сынақтан өткізу Республикалық маңызы бар жолдардың жекелеген учаскелерінен, облыстық ӘКК-нің бірінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлетін инвестициялық субсидиялар бойынша басталады.

Кеңеске қатысушылар жобалардың егжей-тегжей мәселелерін, платформа жұмысының техникалық аспектілерін және «боялған ақшаны» қадағалау мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ әр кезеңнің нақты орындаушылары мен мерзімдерін анықтады.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық мүдделі тараптар Жол картасын бекітті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жобаның іске асырылу барысы туралы үнемі хабардар етіп отырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы