КЕРЕК КЕҢЕС: ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ  ІТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР

3 көрілім

Қазіргі таңда медициналық технологиялардың қолжетімділігі – заманауи үдерістердің біріне баланады.  Медициналық технологиялар – бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласы үшін ортақ мәселе. Оның игілікке айналуы – өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік алға жылжудың қажетті шарты ретінде қабылданады. Алайда, өзгермелі әлемде жағымды жаңалықтар мен қателіктерді де, қатар жүретін қауіп-қатерлерді де назардан тыс қалдырмауымыз керек. Сол жағымды жаңалықтарды Түркістан облысының тұрғындары да күнделікті өмірге енгізіп, сонымен қатар қателіктерді басынан кешіріп жатқаны жасырын емес. Осы жайлы өңір тұрғындарына аз-кем ақпарат ұсынып отырмыз. 

Осыған орай ғылым мен техникалық прогрестің арқасында бұрынғыдан да нәтижелі емдеу тәсілдері арқылы халық денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар үнемі пайда болып отырады. Денсаулық сақтау саласына жалпы биологиядағы, әсіресе, медицинадағы тың идеялар мен технологиялық жаңалықтар өзінің оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Бірақ технологиялық жаңалықтардың бәрі де денсаулық сақтауда оң нәтиже бере бермейді.

МТБ жүйелі үдеріс және денсаулық сақтаудағы шешім қабылдау институты ретінде өткен ғасырдың 80-жылдары Еуропада басталып, кейін Канада, АҚШ, Австралия, Азия және тағы басқа елдерге таралды. МТБ мақсаты – медициналық технологияларға қатысты мәселелерді ескере отырып, шешім қабылдау үдерісі мен денсаулық сақтау саясатын қалыптастыруға көмектесу. МТБ технологияларды денсаулық сақтауда қолданудың денсаулыққа әсері мен жалпы нәтижелерін зерттеуге негізделген. Еуропаның көптеген елдері оның қауіпсіз және нәтижелі медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін мойындап, оған деген қызығушылық өсуде.

Қолда бар ресурстарды қолдана отырып, медициналық қызмет көрсетуде оң нәтижелерге жету үшін ұйымдастыру, әлеуметтік және этикалық мәселелерді назарға ала отырып, аса нәтижелі технологияларды енгізуді қолдау керек. Соңғы кезде медицина мен денсаулық сақтау тарихында сенімді ақтамаған немесе тіпті зиян келтірген технологиялардың көптеген мысалдарын келтіруге болады. Дегенмен, нәтижелілігі дәлелденген, яғни оң әсерін көрсеткен технологиялар денсаулық сақтаудағы қиын мәселе болып келеді. Себебі оларды қолдану қосымша ресурстарды (тек қаржы жағынан ғана емес) немесе қолда бар (шектелген) қаражатты денсаулық сақтау жүйесінде қайта бөлуді қажет етуі мүмкін. Сондықтан оларды Түркістан облысының тұрғындары да күнделікті өмірге енгізіп, қажетті деңгейде бағалап, тиімді түрде пайдалану керек. Осы жайлы өңір тұрғындарына аз-кем ақпарат ұсынып отырмыз. 

МТБ – жүйелі, ашық, әділетті және тұрақты негізде медициналық технологияларды қолданумен байланысты медициналық, әлеуметтік, экономикалық және этикалық мәселелер жөніндегі ақпаратты жалпылайтын пәнаралақ үдеріс. МТБ науқастардың қажеттіліктерін ескеріп, денсаулық сақтауда қаржыны барынша тиімді қолдануға бағытталған қауіпсіз, нәтижелі саясат құруға септігін тигізеді. Денсаулық сақтау саясатымен тығыз байланыста болуына қарамастан, МТБ зерттеу нәтижелері мен ғылыми әдіске негізделуі тиіс.

Медициналық технологияларды бағалаудың негізгі мақсаты шешім қабылдаушы тұлғаларды денсаулық сақтаудың барлық деңгейінде ресурстарды тиімді бөлу жөніндегі қолжетімді, ғылыми негізі бар ақпаратпен қамтамасыз ету болып есептеледі. Оны технологияның пайда болған күнінен бастап, өзінің заманына сай болмай қалған кезіне дейін үнемі бірге жүріп отыратын үздіксіз үдеріс ретінде қарастыруға болады.

Кез келген дамыған мемлекет тек бизнес, өндіріс саласымен ғана емес, сонымен қатар медицина саласының даму деңгейімен өлшенеді. Қазақ­стан дамыған мемлекеттердің қатарына кіруді мақсат еткеннен бері медицина саласында жыл сайын көптеген өзгерістерді байқауға болады. Осы жайлы өңір тұрғындарына аз-кем ақпарат ұсынып отырмыз.

Медицина саласын цифр­ландыру жобасында бүгінде Ден­саулық сақтау министрлігі пациент­терге алғашқы ақпарат беретін виртуалды боттарды енгі­зуге дайын. Жобаның негізгі мақсаты – медицина саласын­д­а­ғы кадр жетіспеушілігі мәсе­ле­сін шешу және диагноз қою, емдеу әдісін анықтау және қа­теліктерден құтылуға көмекте­сетін дәрігерлердің таптырмас кө­мекшісіне айналдыру. Соны­мен қатар бұл науқас туралы бар­лық ақпаратқа қол жеткізе алады, демек бұрын қай жерде емделгені, қандай медициналық көмек немесе дәрі-дәрмектер алғандығы, аллергиясы бар ма, жоқ па барлығын анық­тайды. Егер науқастың ұмы­тылған жазбалары немесе та­ғайын­даулары және бақылау тек­серістері болса, оны да арнайы бот еске салып отырады. Бот­ты жасаушылар дәрігерлерді ақ­парат­тық жүйелермен жұмыс іс­теуге үйретеді. Бірақ түпкі пай­даланушылармен, яғни пациент­термен жұмыс істеуге үйрету үшін медбикелер қажет болуы мүмкін, олардың жұмысы толы­ғымен автоматтандырылады. Яғ­ни, егер олар бұрын активтерді ауру­ханадағы пациенттерге телефон арқылы беріп, оларды та­ғайын­дау немесе скринингке ша­қырса, енді жүйе SMS арқылы пациенттерге хабарландыру жі­береді. Бұл қаржы жағынан да біраз қомақты соманы үнемдеуге әкеледі және жұмыс белсенділігін арттырады, дейді мамандар. Сонымен қатар шешім қабылдаушы тұлғалармен қатар, технологиялардың қолданылуына мүдделі қоғамдастық – дәрігерлер, науқастар, өндірушілер және науқастармен жұмыс істейтін ұйымдар МТБ бастамашысы бола алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы