- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қадірлі оқырман! «Түркістан» газеті үшін биылғы жылдың орны бөлек. 1930 жылдың қазан айынан «Қызыл Түркістан» атауымен жарық көре бастаған басылым осы күнге дейін түркістандықтардың серігіне айналып келеді. Міне, содан бері «Коммунистік еңбек» одан соң «Түркістан» атауын иемденген шаһардағы қарашаңырақ басылымның жаңалықтар жаршысы ретіндегі орны қалыптасты. Ол үшін талай азаматтар осы жолда тер төгіп, елеулі еңбек етті. Ғасырға жуық тарихы бар газеттің тігінділерін парақтасақ қос ғасырдағы Түркістанның тынысынан түрлі мәселелерді кезіктіретініңіз сөзсіз. Алдағы күндері қолдағы бар мұрағатымызға сүйене отырып, ғасырлар арасын жалғаған оқиғаларды оқырман назарына ұсынбақпыз.


Өткен жыл «Түркістан» газетінің ұжымы үшін табысты болды. Облыс орталығына айналған шаһардың төл басылымы баршаға қолжетімді болсын деген мақсатпен ақпараттық порталды іске қостық. Қазіргі таңда «yassy-tur.kz» сайтын қолданушылар қатары артып келеді. Енді осы мүмкіндіктерді пайдаланып, алдағы уақытта жаңа қадамдар жасасақ деген жоспарларымыз бар. Оның барлығы келер күндердің еншісінде. Ендеше биыл жарық көргеніне 90 жыл толып отырған газетіміздің оқырмандарына өңіріміздің жағымды жаңалықтарын жеткізуден аянып қалмаймыз. Қолға алатын жобаларымызды алдын ала жария етпестен уақытында өздеріңізбен бірге бөліссек деген ниеттеміз.
РЕДАКЦИЯДАН.