№8 сайлау округі бойынша Түркістан қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер

65 көрілім

Сарсенбаев Гаппар Амантаевич

ӨМІРБАЯНЫ

1974 жылы 6 желтоқсанда Түркістан қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, отбасында төрт ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

1992 жылы Түркістан қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебін бітіріп, 1992-1994 жылдары Ақмола қаласында (қазіргі Астана) отан алдындағы әскери борышын өтеген. 1999-2003 жылдары аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика факультетінде «экономика және менеджмент» мамандығы және 2010-2012 жылдары Шымкент қаласындағы Академиялық-инновациялық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1998 жылы Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС президентінің көмекшісі қызметінен бастаған. 2006-2007 жылдары Түркістан қалалық автовокзалы директорының орынбасары, 2007-2013 жылдары «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында қызмет атқарған. Самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Түркістан қалалық ұлттық спорт федерациясының төрағасы.

Спорттағы жолында самбо күресінен спорт шеберлері арасында 2012-2014 жылдар аралығында өткен Қазақстан біріншілігінде қатарынан екі рет жеңімпаз атанып, 2024 ж. Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер және жастар арасында Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы. Түркістан қаласында жыл сайын өтетін қазақ күресінен дәстүрлі «Тайқазан» турнирінің негізін қалаушы.

Депутаттық жолында Түркістан қалалық мәслихатының IV, V, VI, VII, VIII шақырылымдардағы депутаты болып сайланған. 2015 жылғы 5 тамыз күні Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясында бесінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы, 2016-2021 жылдар аралығында алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.

2022 жылдың мамыр айының 6 жұлдызынан бастап «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы болып тағайындалды. 2023 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызынан бастап бүгінгі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы болып қызметін атқаруда.

2023 жылғы 30 наурызда өткен сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясында Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Ғаппар Сарсенбаев қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және спорт, туризм мәселелеріне белсенді араласып, мемлекеттік саясат пен халықтың мұң-мұқтажын жеткізуде өз үлесін қосып келеді.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!

Мен туған қаламның тыныс-тіршілігін, даму жолын және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді жақсы білемін.

Мен «Әділет» партиясының әділдік, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресс құндылықтарын басшылыққа ала отырып, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға өз үлесімді қосуға ниеттімін.

Басты ұстанымым – халық мүддесі, нақты іс және туған қаланың болашағы үшін жауапкершілік.

ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң үстемдігін нығайту – қаланың тұрақты дамуының маңызды шарты. Осы бағытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуді назарда ұстаймын.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ЖОЛ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ

Қаланың тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасы сапалы инфрақұрылымға, қолжетімді баспанаға және үздіксіз коммуналдық қызметтерге тікелей байланысты. Осыған орай тұрғын үй құрылысын дамытуға, жолдардың сапасын жақсартуға, инженерлік желілерді жаңғыртуға және жаңа шағын аудандардың инфрақұрылымын жоспарлы түрде қалыптастыру күш саламын.

ЭКОНОМИКА, ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Жергілікті бизнесті қолдау, инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу – экономиканы дамытудың, тұрақты жұмыс орындарын құрудың және тұрғындардың табысын арттырудың маңызды негізі. Осы бағытта кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, инвестициялық жобалардың жүзеге асуына және шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыруға басымдық беремін.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, ана мен баланы, аға буын өкілдерін және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды қорғау – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттары. Осы мақсатта жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімді жүзеге асуына, жастар мен аға буын өкілдерінің еңбек нарығына араласуына және мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету тетіктерін нығайтуды басшылыққа аламын.

ОТБАСЫН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІ ҚОЛДАУ

Отбасы институтын нығайту, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету және әлеуметтік мекемелердің қызмет сапасын арттыру – қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды негізі. Осы бағытта отбасыларды қолдау қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтуге, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсартуға және аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қалыптастыру жағдай жасау да негізгі басымдықтардың бірі болады.

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Мәдени-рухани мұраны сақтау және жаңғырту, бұқаралық спортты дамыту, жастардың зияткерлік әрі шығармашылық әлеуетін қолдау – қаланың жан-жақты дамуының маңызды бағыттары. Осы мақсатта мәдени нысандардың қолжетімділігін арттыруға, спорттық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауға күш саламын.

ДЕПУТАТТЫҚ БАҚЫЛАУ, АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС

Депутаттық қызметтің басты қағидасы – халықпен ашық әрі тұрақты байланыс орнату, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Осы бағытта депутаттық бақылауды күшейтуге, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалауға және сайлаушылар алдындағы есептілікті қамтамасыз етуге басымдық беремін.

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!

Туған қаламыздың болашағы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Мен үшін басты құндылық – халықтың сенімі, ал басты міндет – туған қаламыздың дамуына қызмет ету. Түркістанның әрбір тұрғыны үшін қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру жолында ашықтық, жауапкершілік және нақты іске негізделген жұмыс жүргізу маңызды.

Ортақ мақсатымыз – экономикасы дамыған, инфрақұрылымы жаңарған, қауіпсіз, таза әрі тұрғындарына кең мүмкіндік ұсынатын Түркістан қаласын қалыптастыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы