Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.

50 көрілім

         Қазіргі қарқынды дамыған заманда адамның денсаулығы, көңіл күйі және еңбекке қабілеттілігі тікелей ішетін асымызға, күнделікті тамақтану мәдениетіне байланысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, адам денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының 80 пайызы тамақтану салтына тәуелді. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда асығыс өмір салты, фастфудтар мен газдалған сусындардың көбеюі, тіскебасарлардың (снектердің) жиі қолданылуы ағзаға үлкен салмақ түсіріп отыр. Артық салмақ, семіздік, асқазан-ішек жолдарының аурулары және қант диабеті сияқты дерттердің жасарып бара жатқаны алаңдатады.

Дұрыс тамақтанудың басты ережелері қандай?

  • Балансты сақтау: Рационда ақуыздар, көмірсулар, пайдалы майлар, сонымен қатар дәрумендер мен тағамдық талшықтар (клетчатка) жеткілікті болуы керек.
  • Тамақтану режимі: Диетологтар күніне 4-5 рет аз-аздан, белгілі бір уақытта тамақтануды ұсынады. Таңғы, түскі және кешкі астың арасы 4-5 сағат болғаны жөн.
  • Тағамды дайындау әдісі: Қуырылған, майлы тағамдарды азайтып, буға немесе суға пісірілген, бұқтырылған астарға басымдық берген абзал.
  • Су балансы: Күніне шамамен 1,5–2 литр таза су ішуді әдетке айналдыру керек.
  • Зиянды өнімдерді шектеу: Тұз бен қантты шамадан тыс қолданбау, газдалған тәтті сусындардан, консервілер мен фастфудтан бас тарту қажет.

     Тамақ тек қарын тойғызу құралы емес, ол – ағзаға қуат беретін отын. Өзіңізді және жақындарыңызды күтіп, тамақтану мәдениетін қалыптастыру – кемел келешектің кепілі. Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз, себебі таза ағза – баянды бақыттың бастауы!

Ақнұр Әлханова

Түркістан қалалық емханасы

СӨСҚ дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы