Пациенттердің пікірі медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал етуде

902 көрілім

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, 2026 жылдың 8 айында тұрғындардан медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты 505 арыз-шағым түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 328 өтінішке немесе 39,4%-ға аз.

Оң динамика облыстық денсаулық сақтаубасқармасы, Қор филиалы және медициналықұйымдардың бірлескен жұмысы, өңірлік штаб отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалуы нәтижесінде қалыптасты. 

Пациенттерді қолдау қызметінің 2 996 маманына арналған 23 оқыту семинары өткізілді. Нәтижесінде тұрғындардың мәселелерін тікелей медициналық ұйымдар деңгейінде шешу сапасы жақсарды.

Түскен өтініштердің басым бөлігі медициналық көмектің сапасына, қызмет көрсетуден бас тартуға, дәрілік заттардың берілмеуіне, емханаға тіркелуге, ақпараттық жүйелерге қате мәлімет енгізуге, медициналық қызметті ұзақ күтуге, медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясына, сондай-ақ қайталанатын өтініштерге қатыстыболды.

Көптеген азаматтар медициналық ұйымда туындаған мәселе бойынша бірден Қорға жүгінеді. Алайда мұндай мәселелердің басым бөлігін әрбіремхана мен ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі арқылы сол жерде шешуге болады.

Аталған қызмет медициналық көмектің ұйымдастырылуы мен сапасын талдайды, қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бақылайды, пациенттердің құқықтарын қорғайды және олардың өтініштерін қарайды. Қызметтіңжұмысы Қазақстан Республикасының «Халықденсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің2020 жылғы 3 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен реттеледі.

Қор медициналық ұйымдардағы Пациенттердіқолдау қызметтерімен тұрақты жұмыс жүргізеді. Ай сайынғы семинарларда репутациялық менеджмент, кәсіби этика мен деонтология, медицина қызметкерлерінің ар-намыс кодексі жәнен ақты арыз-шағымдарды қарау тәртібі түсіндіріледі.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдарда «Qalqan» цифрлық сервисінің жеке QR-кодтарыорналастырылуда. Пациенттер медициналықұйымға барғанын eGov Mobile, Halyk Bank, Kaspi.kz, Freedom және басқа да мобильді қосымшалар арқылы растай алады. Бұл медициналық қызметтердің ашықтығын арттырып, көрсетілмеген қызметтерді тіркеу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Медициналық көмек алу барысында мәселетуындаса, азаматтар алдымен медициналық ұйымдағы Пациенттерді қолдау және ішкісараптама қызметіне жүгіне алады. Сондай-ақ, өтінішті Қордың msqory.kz ресми сайты немесеQoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жолдауғаболады.

Түскен барлық өтініштер толық шешілгенге дейін бақылауда болады. Оларды талдау нәтижелеріМӘМС және ТМККК аясындағы медициналық көмектің ашықтығын, қолжетімділігі мен сапасынарттыруға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болады.

«Санитас» емдеу-сауықтыру орталығы 

директоры А.Сакашов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы