ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ КҮМБЕЗІНЕ РЕСТАВРАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

54 көрілім

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне ғылыми реставрациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазқайтажаңарту» РМК сәуір айында жүргізген кешенді зерттеу нәтижесінде глазурьленген қабаттың беріктігі әлсірегенін, жарылған тұстарының ұлғайғанын анықтады.Осыған байланысты күмбездің сыртқы қабатының өздігінен құлау қаупінің алдын алу мақсатындағылыми реставрация жұмыстары басталды.

Реставрацияланып жатқан глазурьленген бөлік кесененің түпнұсқа құрылымына кірмейді. Яғни күмбездің тарихи конструкциясы әлі күнге дейін сақтаулы. Глазурьленген қабат қорғаныш әрі сәулеттік қызмет атқарады. Ол жауын-шашын, қатты жел, күн радиациясы және басқа да сыртқы факторлардан күмбездің түпнұсқасы бұзылмауын қамтамасыз етеді.

Бұдан кейінгі барлық шешімдер тек кешенді зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, тарихи құрылымға барынша аз араласуды көздейтін қағидатқа сәйкес қабылданады. 

Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне Қазақстандағы ең алғаш енген тарихи ескерткіш.Сондықтан кесененің құндылығын, ерекшелігі мен тұтастығын сақтау мемлекеттің тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы басты міндеттерінің бірі болып есептеледі.

Реставрация жұмыстары ғылыми сараптамаларға сүйене отырып, халықаралық мәдени мұраны сақтаудағы стандарттарға сай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қадағалауымен жүргізіліп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы