«ҚАЙРАТ» ҚАРЫМТА ОЙЫНДА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

42 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы «Turkistan Arena» стадионында өңір спорты үшін айтулы тарихи оқиға орын алды.
УЕФА Чемпиондар лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында Алматының «Қайрат» футбол клубы Болгарияның «Левски» командасымен қарымта кездесуін Түркістан төрінде өткізді.
7 000 көрерменге арналған «Turkistan Arena» стадионына 6 461 жанкүйер жиналып, қазақ футболының халықаралық аренадағы маңызды ойынына куә болды.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесу Болгарияда өтіп, онда алаң иелері «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.


Өкінішке қарай, Түркістандағы қарымта кездесуде де есеп қайталанып, «Қайрат» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Мыңдаған жанкүйердің стадионға жиналып, отандық клубқа қолдау көрсетуі — өңірде футбол мәдениетінің қалыптасып келе жатқанының айқын дәлелі.
«Қайратқа» алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!
🇰🇿 Жасай бер, Қазақстан футболы💙

Д.ТІЛЕУХАН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы