17 көрілім
ТҮРКІСТАН: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС: ТАЛДАУ, ПРАКТИКА ЖӘНЕ БАСЫМ БАҒЫТТАР

2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 843 дерек тіркеліп, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 млрд 665 млн 783 мың теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өңірде киберқылмыс түрлерінің көбейіп, тәсілдерінің күрделене түскенін көрсетеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 843 дерек тіркеліп, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 млрд 665 млн 783 мың теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өңірде киберқылмыс түрлерінің көбейіп, тәсілдерінің күрделене түскенін көрсетеді.

Осы бағыттағы ахуал мен алдын алу шаралары өңірлік деңгейде өткен арнайы кеңейтілген талқылауда қаралды. Басқосуға салалық басқармалар, облыстық прокуратура, Полиция департаменті, екінші деңгейлі банктер, ұялы байланыс операторлары және ірі сауда орталықтарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейту, мемлекеттік және жеке сектор арасындағы өзара ықпалдастықты арттыру, бірлескен әрекет тетіктерін жетілдіру мәселелері көтерілді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов киберқылмысқа қарсы күрес құқық қорғау органдарымен ғана шектелмей, қоғам болып жұмылатын ортақ міндет екенін атап өтті. Ол цифрландыру мен жасанды интеллект қарқынды дамыған кезеңде интернет арқылы жасалатын құқықбұзушылықтардың жаңа түрлері пайда болып жатқанын айтып, заң мен тәртіп қағидатын нығайту — тұрақтылықтың басты кепілі екенін жеткізді. Ұсынылған бастамалар мен пікірлер ескеріліп, нақты шараларға негіз болатынын айтты.

Талқылау аясында Түркістан облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Ермек Шәкім өңірдегі интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері бойынша нақты деректер келтірді. Мәліметке сәйкес, ең көп тараған тәсіл — өзін банк қызметкері немесе құқық қорғау органы өкілі ретінде таныстыру — 340 дерек. Инвестиция салуға үгіттеу арқылы жасалған алаяқтық — 98 жағдай. Онлайн сауда алаңдарында алдын ала төлем жасату арқылы алдау — 255 дерек. Мессенджерлерде таныс адамның атынан ақша сұрау — 49, жалған ұтыс ойындары бойынша — 47 жағдай тіркелген. Бұдан бөлек, өзге де тәсілдермен жасалған 54 қылмыс анықталған.

Жиында халықты ақпараттық тұрғыда қорғау, түсіндіру жұмыстарын күшейту, банктер мен байланыс операторларының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру бағытындағы жұмыстар да сараланды. Қатысушылар нақты ұсыныстарын ортаға салып, тәжірибе алмасты.

Сарапшылардың пікірінше, интернет-алаяқтықпен күресте тек техникалық тосқауылдар жеткіліксіз. Ең тиімді қорғаныс — цифрлық сауаттылық пен сақтық дағдысы. Себебі алаяқтар ең алдымен адамның сеніміне әсер етеді. Сондықтан әр азамат күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сын көзбен қарап, жеке және қаржылық деректердің қауіпсіздігіне мұқият болуы тиіс.

Лаура ЕСЕНГЕЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы