ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖАҒАЖАЙ АШЫЛДЫ

102 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы Орталық Азияда теңдесі жоқ Есу арнасында жаңа жағажайдың ашылуы өтті.
Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы қатысып, жаңа демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында ашылғанын атап өтті.
Жағажайдың ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайды. Демалыс аймағында суға түсуге арналған арнайы орындар, 4 құтқару мұнарасы, киім ауыстыру бөлмелері, көлеңкелі шатырлар, балалар ойын және су сырғанақ алаңдары, жағажай волейболы мен воркаут алаңдары, катамаран және қайықпен серуендеу қызметі, банджи-батут секілді ойын-сауық нысандары қарастырылған.
Айта кетейік, су сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және экология саласы мамандарының зертханалық тексерулерінен өткен. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы дайындықтан өткен құтқарушылар тұрақты қызмет атқарады.
Сондай-ақ, жағажай күнделікті 08:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Кіру құны: 6 жасқа дейінгі балаларға – тегін, 7-14 жас аралығына – 500 теңге, 15 жастан жоғары келушілерге – 1000 теңге.

«Түркістан-ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы