САУРАН: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

3 көрілім

Президент халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуге шақырды. Бүкіл қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру қажет. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік аппаратта жобалық басқару қағидаттарын енгізуді жалғастыру маңызды. Барлық мемлекеттік орган жұмыстың жаңа форматына белсенді кірісіп, оларды іс жүзінде қолдануы керек.

– Жалпы әкімшілік тәсілдерден бас тартып, басқарудың заманауи технологияларына жан-жақты бет бұру қажет. Мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтің іс жүзінде сервистік және тұтынушыға қолайлы болуы үшін мемлекеттік қызмет жүйесін қайта құруы керек, – деді Президент. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов қоғамдық бақылауды кеңейтуді және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.

– Кадр мәселесінде адамның моральдық тұрғыдан таза болуы керек екеніне баса мән берілгенін қалаймын. Оның сыбайлас жемқорлыққа қандай да бір қатысы бар деген сыбыс мүлде болмауы қажет. Кейде қарайсың, оқисың: әкімдер әлдебір мемлекеттік сатып алуларды қайталайды, бір қызметтен екінші қызметке ауысады. Мұны жұртшылық ауыр қабылдайды. Барлық мемлекеттік орган және жұртшылық әрдайым бірге күш жұмылдыра отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне атсалысуға тиіс, – деді Марат Бәшімов.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындаған кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қорытынды анықтамасын міндетті түрде талап ету қажеттігін айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелер аудан әкімдігі отырысында қаралды. Үстіміздегі жылдың маусым айында  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының жүзеге асырылуы туралы мәселе қаралды. Жоспардың әрекет ету мерзімі барысында барлық ауылдық округ әкімдері мен жергілікті атқару органдарының басшылары өздері басқаратын мекемелерде   мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодексін сақтау мәселелері  туралы әкімдіктің отырыстарында есеп береді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, орындаушылық тәртібін сақтау мәселелері қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз қоғам мен мемлекеттің құлдырауына әкеп соғатын кері әлеуметтік құбылыспен күресу. Жақында ғана мемлекеттіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарастырылған жауапкершілікті қатайтуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдай тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған түзетулер енгізілді. Біздің мемлекетіміз басқа да елдер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді. Қазақстан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша заңнаманы қабылдаған және осы мәселелер бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған, ТМО мемлекеттері ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Қазіргі таңда Заң азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен шығатын қатерлерден мемлекеттік функцияларды орындайтын  лауазымды және басқа да, сонымен қатар оларға теңестірілген тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуін ескерту, анықтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықты ашу және болдырмау, олардың салдаларын жою және кінәлілерді жауаптылыққа тарту түрінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін анықтайды, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық түрлерін белгілейді, сонымен қатар жауаптылық жағдайын белгілейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы