“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ”

65 көрілім

Түркістан қаласында Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп – әділ қоғамның негізі» атты қоғамдық-саяси диалог алаңы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – заңға деген құрметті нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда заңдылық пен әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау.

Диалог алаңына мәслихат депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар қауымдастығының мүшелері, қоғамдық ұйымдар, жастар, партия белсенділері мен қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында «Заң мен Тәртіп: әркімнің жауапкершілігі» тақырыбында сарапшылық пікір алмасу ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылау мен азаматтық белсенділіктің маңызы талқыланды.

Сондай-ақ «Менің құқығым – менің жауапкершілігім» атты жастар дискуссиясында жастардың заңдылық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі, цифрлық кеңістіктегі жауапкершілігі және қоғамдық өмірге белсенді қатысу мәселелері көтерілді.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңызын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы