Рәміздерім – елдігімнің айнасы

96 көрілім

Мемлекеттік рәміздер – кез келген тәуелсіз елдің ең қастерлі құндылықтарының бірі. Олар мемлекеттің тарихын, мәдениетін, болмысын, ұлттық рухын айқындайтын ерекше белгілер болыптабылады. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – халқымыздың азаттыққа ұмтылған арманы мен егемен ел ретінде қалыптасқан келбетін әлемге танытатын қасиетті нышандар.

«Рәміздерім – елдігімнің айнасы» дегентақырыптың мәні тереңде жатыр. Себебі әрбір рәмізде халқымыздың өткені, бүгіні мен болашағыкөрініс табады. Көк байрағымыздың ашық аспантүстес болуы – бейбітшілік пен тұрақтылықтыңбелгісі. Тудың ортасындағы алтын күн мен қыранқұс – еркіндік пен жарқын келешекке деген ұмтылысты білдіреді. Ал ұлттық өрнек халқымыздың бай мәдени мұрасын айшықтайды.

Елтаңбамызда бейнеленген шаңырақ – ортақүйіміз Қазақстанның бірлігі мен татулығының символы. Оның айналасындағы уықтар сан түрлі ұлт пен ұлыстың бір мақсатқа жұмылған ынтымағын көрсетеді. Қанатты пырақтар елдің өркендеуін, дамуға деген құлшынысын білдірсе, бес жұлдыз жарқын болашаққа бастар жолдымеңзейді.

Мемлекеттік Әнұран – әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттық сезім оятатын рухани күш. Әнұран орындалған сәтте елге деген сүйіспеншілікартып, туған жерге деген мақтаныш сезімі күшейетүседі. Сондықтан оны құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы.

Жас ұрпақтың бойына мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімін қалыптастыру – білім беру ұйымдарының маңызды міндеттерінің бірі. Мектеп қабырғасында өткізілетін тәрбие сағаттары, патриоттық іс-шаралар, мерекелік жиындар арқылы оқушылардың елге деген сүйіспеншілігі артып, азаматтық жауапкершілігі қалыптасады. Рәміздерді құрметтеген ұрпақ өз елінің тарихын қадірлейді, ұлттық құндылықтарды бағалайды және Отан алдындағы жауапкершілігін терең сезінеді.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар ретінде мен мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарының маңыздылығын ерекше атап өтемін. Себебі елінсүйетін, рәміздерін құрметтейтін жас буын ғанамемлекетіміздің жарқын болашағын қалыптастыра алады. Рәміздер – тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айнасы, ұлт рухының көрінісі. Оларды құрметтеу – Отанды құрметтеудің ең биік көрінісі.

Қорытындылай келе, «4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» қарсаңында барша түркістандықтарды және қазақстандықтардыұлттық мақтанышымыз саналатын қасиеттірәміздерімізді қадірлеуге шақырамын. Тәуелсізеліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз халқымыздың бірлігімен жарқын болашағының символы болып жасайберсін!

Утешова Ләззат Маткенқызы,

 №34 жалпы білім беретін мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы