ДЕНГЕ ВИРУСЫ: ТРОПИКТЕН ӘЛЕМГЕ ТАРАЛҒАН ҚАУІП

46 көрілім

Денге вирусы (Денге безгегі) — бұл тропиктік және субтропиктік аймақтарда кең таралған, масалар арқылы берілетін қауіпті вирустық инфекция. Ол әсіресе Азия, Оңтүстік Америка және Африка елдерінде жиі кездеседі, бірақ климаттың жылынуына байланысты басқа аймақтарға да таралуда. 

Инфекцияның таралу жолы
Денге вирусы адамға Aedes (Aedes aegypti) тұқымдас масалардың шағуы арқылы жұғады. Бұл масалар көбіне күндіз, әсіресе таңертең және күн батар алдында белсенді болады. 

Негізгі белгілері мен симптомдары
Денге безгегінің белгілері, әдетте, вирус жұққаннан кейін 4-10 күннен соң пайда болады және мынадай түрде көрінуі мүмкін: 

  • Дене қызуының күрт көтерілуі (40°C-қа дейін);
  • Қатты бас ауруы (әсіресе көздің артында);
  • Бұлшықет және буын аурулары (сондықтан оны кейде “сүйек сындыратын қызба” деп атайды);
  • Жүрек айнуы, құсу;
  • Бөртпелердің пайда болуы;
  • Бездердің ісінуі. 

Ауыр түрлері (Ауыр Денге)
Егер ауру асқынып кетсе, ол ауыр Денге безгегіне (геморрагиялық қызба) ұласуы мүмкін. Бұл жағдайда өмірге қауіп төнеді:

  • Ішкі органдардан қан кету;
  • Қан қысымының күрт төмендеуі;
  • Тыныс алудың қиындауы. 

Емдеу және алдын алу

  • Арнайы ем жоқ: Денге вирусына қарсы нақты дәрі жоқ, емдеу симптомдарды жеңілдетуге (қызуды түсіру, сұйықтық ішу) бағытталады.
  • Алдын алу: Ең басты шара — маса шақпауын алдын алу: репелленттер қолдану, торлар орнату, жабық киім кию.
  • Вакцина: Кейбір елдерде вакциналар бар, бірақ оларды қолдану шектеулі. 

Ескерту: Денге безгегіне күдік болса, дереу дәрігерге көріну қажет.

Жаһандық жылынуға байланысты орын алып отырған климаттың өзгеруі тек табиғи апаттарды, соның ішінде, құрғақшылықты тудырмайды, сонымен қатар, Зика вирусы, Денге безгегі, тырысқақ, т.б. секілді әлі күнге толық жойылмаған инфекциялық індет ошақтарын көбейтеді. Бұл жайында Колорадо университетінің (University of Colorado) ғалымдары мәлім етті. Зерттеушілер тобының жетекшісі Сесилия Соренсен (Cecilia Sorensen) келтірген дерекке қарағанда, климаттың өзгеруі тек экономикалық-әлеуметтік, экологиялық қиындықтарға толы болмайды, сондай-ақ, адамзаттың денсаулығына қауіп төндіреді. Яғни, алдағы уақытта адамзатқа жан-жақты қауіп төніп келеді. Бұдан әлемнің кез келген елі тыс қалмайды. Мәселен, ежелден түрлі індет ошағы саналатын Африка құрлығында безгек індеті өршіп кеткен. Эквадор белдеуінде су температурасының өзгеруінен (мысалы, эл-Ниньо өзені), жылып кетуінен Денге безгегімен сырқаттану қатері артқан. 

                                                               Түркістан қалалық емханасының Эпидемиологы М.Махат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы