«Әдебиет пен сынның үйлесімі»

53 көрілім

    Қазақ әдебиетінің көрнекті сыншысы, жазушы Сайлаубек Естайұлы Жұмабек туғанына 80 жыл. Ол – ұлттық әдебиет сынының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, терең талғамымен, парасатты пайымымен ерекшеленген қаламгер.Сайлаубек Естайұлы 1946 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ащысай ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдап, 1973 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын аяқтады. Ол әдебиетке үлкен дайындықпен келіп, сын жанрына саналы түрде ден қойды.Еңбек жолында әртүрлі жауапты қызметтер атқарып, қазақ руханиятының дамуына белсене араласты. Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде сценарий бөлімінің аға редакторы болды. Сонымен қатар «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде әдебиет және өнер бөлімін басқарды. «Ара-Шмель» сатиралық журналында бас редактор болып, ұлттық сатираның өрісін кеңейтті. Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарып, жас қаламгерлерге бағыт-бағдар берді.Сайлаубек Жұмабектің шығармашылық мұрасы – әдеби сын саласындағы құнды еңбектер. Оның «Сын пернесі», «Ғабит Мүсірепов», «Жұлдызы нұрлы суреткер», «Қазығұрт перзенті», «Сын әуені», «Шерхан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер», «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы» атты кітаптары қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары мен шығармашылық болмысын терең талдауға арналған. Ол көркем шығарманың табиғатын дәл танып, әдебиеттегі стиль мен шеберлік мәселелерін зерделей білді.Оның сыншылық мектебі, терең талдаулары мен парасатты ойлары кейінгі буын үшін әрдайым үлгі болып қала береді. Қаламгердің рухани мұрасы уақыт өткен сайын өз құндылығын арттыра түсері сөзсіз.

Адырбекова Маржан Алпысбайқызы,

Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы