Қазақ журналистикасының қара шаңырағы саналатынөңірлік басылымдарда талай жыл табан аудармай еңбек етіп, шындықтың шырағын сөндірмей келе жатқанқаламгерлердің бірі – Бектай Шетенов. Ол 1946 жылы 15 наурызда Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауылындадүниеге келген. Қарапайым ауыл тіршілігінен бастау алғаноның еңбек жолы кейін тұтас бір өңірдің шежіресін жазғанжурналистік ғұмырға ұласты. 1963 жылы “Қазанның 30 жылдығы” атындағы орта мектепті тәмамдаған жас Бектай еңбекке ерте араласты. “Коммунизм” кеңшарындақатардағы жұмысшы болып еңбек ете жүріп, өмірдіңқайнаған ортасын, ауыл тынысын, қарапайым адамдардыңтағдырын терең түсіне білді. Бұл тәжірибе оның кейінгіжурналистік қызметіне берік негіз қалады. 1967 жылдың 25 маусымы – Бектай Шетеновтың кәсіби журналистикадағыалғашқы қадамы. Дәл осы күні ол Қазығұрт аудандық“Ленин өсиеті” газетіне (қазіргі “Қазығұрт тынысы”) әдебиқызметкер болып қабылданды. Жас тілші алғашқымақалаларынан-ақ ауыл өмірін шынайы суреттеуімен, еңбекадамын құрметпен көрсетуімен ерекшеленді. 1969 жылдан бастап газеттің ауыл шаруашылығы бөлімін басқарған ол бұл саладағы түйткілді мәселелерді көтеріп, шаруалардың мұң-мұқтажын дер кезінде жеткізе білді. 1976 жылыредактордың орынбасары қызметіне тағайындалуы – оныңкәсіби біліктілігінің, жауапкершілігінің айқын көрінісі. Солжылы өндірістен қол үзбей, Қазақ мемлекеттікуниверситетінің журналистика факультетін бітіріп, біліміншыңдай түсті. 1983 жылдың қазан айынан бастап Бектай Шетенов “Оңтүстік Қазақстан” газетінің Қазығұрт, Сарыағаш аудандары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол өңірдің әлеуметтік-экономикалықдамуы, ауыл өмірі, еңбек адамдарының жетістіктері туралыжүздеген мақала жазып, оқырман ықыласына бөленді. Оныңматериалдары әрдайым нақтылығымен, деректілігімен жәнешынайылығымен ерекшеленді. 2000 жылдың желтоқсанайынан бастап “Қазығұрт тынысы” газетінің редакторы қызметіне кірісіп, басылымның жаңа деңгейге көтерілуінеөз үлесін қосып келеді. Оның басшылығымен газет ауданөмірінің айнасына айналып, елдің ойы мен пікірінжеткізетін мінбер болды. Бектай Шетенов – 1974 жылданҚазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ол – қаламдықару етіп, шындықты серік еткен, өз ісіне адал журналист. Оның өмір жолы – жас тілшілерге үлгі, ал еңбегі – өңіртарихының ажырамас бір бөлігі. Қалам мен шындықты қатар ұстаған Бектай Шетеновтың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Оның жазған әрбір жолы – елдің тарихы, халықтыңүні.
Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Балнұр ПЕРНЕХАН
