Түлкібастыңтөлперзенті – Баян Имашева

68 көрілім

Биыл Түркістан облысы, Түлкібас ауданының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Баян Имашеваның(1941–2024) туғанына 85 жыл толып отыр. Саналы ғұмырынөнерге арнаған аяулы актрисаның жарқын бейнесі мен сахнадағы өлмес мұрасы халық жадында мәңгі сақталады.Түлкібастың қасиетті топырағында дүниеге келген Баян Имашева – туған жердің рухын бойына сіңіріп, қазақ өнерінің биік белесіне көтерілген тұлға. Оның бойындағы табиғилық, қарапайымдылық пен тереңдік – туған өлкенің тәлімі мен тәрбиесінің айқын көрінісі. Баян Имашева қазақ театры мен кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды актриса ретінде танылды. Сахнада сомдаған әрбіррөлі шынайылығымен ерекшеленіп, көрермен көңіліненерекше орын тапты. Ол қазақ әйелінің бейнесін сан қырынан ашып, ана мейірімі мен адам жанының нәзікиірімдерін дәл жеткізе білді. Актрисаның өнер жолы – табандылық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Ол тек сахна шебері ғана емес, ұлттық мәдениеттің жанашыры, кейінгі буынға бағыт-бағдар берген тәлімгер ретінде де ел есінде қалды. Өмірден өтсе де, өнер адамының ғұмыры оның шығармашылығымен жалғасады. Баян Имашеваның сахнадағы бейнелері мен өнерге сіңірген еңбегі – кейінгіұрпаққа аманат, рухани қазына. Бүгінгі мерейтой – Түлкібас жұртшылығы үшін де ерекше мәнге ие. Бұл – туған жерден түлеп ұшқан талантты перзентін еске алып, оның қазақ өнеріне қосқан үлесін дәріптейтін тағылымды сәт.Түлкібастан шыққан тарлан таланттың есімі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының Өнер бөлімінің бөлім меңгерушісі Ажар МЕЙІРБЕКҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы