СОЗАҚТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

43 көрілім

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Шолаққорған – Түркістан бағытында орналасқан «Маруся-Бұлақ» аумағында кең көлемді абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұлақ көзі аршылып, айналасы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, аумақты ретке келтіру үшін арнайы техникалар жұмылдырылып, санитарлық жағдайы жақсартылды.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Созақ өндірістік бөлімшесінің қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысып, тазалық акциясына белсене атсалысты

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

————

В СОЗАКЕ В РАМКАХ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ “МӨЛДІР БҰЛАҚ” ПРОВЕДЕНЫ РАБОТЫ ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ

В рамках республиканского экологического мероприятия “Таза Қазақстан” по инициативе Министерства водных ресурсов и ирригации РК была организована экологическая акция “Мөлдір бұлақ” приуроченная ко Дню очистки – 23 марта.

В ходе мероприятия были проведены масштабные работы по благоустройству и уборке территории “Маруся-Бұлақ”, расположенной в направлении Шолаккорган – Туркестан. Источник был очищен, а окрестности очищены от бытовых отходов. Кроме того, для приведения территории в порядок задействована специальная техника, улучшено санитарное состояние.

В мероприятии приняли участие заместитель акима района Калдыбек Оразов, сотрудники Созакского производственного отделения Туркестанского филиала РГП “Казводхоз”, ветераны и молодежь, которые приняли активное участие в акции чистоты

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы