Бүгін Түркістан қаласында «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Референдум – қоғамдық келісімді нығайту және саяси жаңғыру кезеңі» тақырыбында қоғамдық-саяси кездесу өтті.
Жиын барысында 15 наурызда өткен референдумның қорытындылары сараланып, оның қоғамдық келісімді қалыптастырудағы маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғырту бағытындағы өзекті мәселелер көтерілді.
Кездесу аясында референдумның қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтудағы рөліне талдау жасалып, саяси реформаларды іске асыру тетіктері сөз болды. Сондай-ақ, билік өкілдері, қоғамдық институттар және сарапшылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара өңірдегі азаматтық белсенділікті арттыруға, демократиялық үдерістерді дамытуға бағытталған тиімді диалог алаңына айналды.
