САУРАНДЫҚ ЖАСТАР АЛҒАШ РЕТ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

49 көрілім

Сауран ауданы бойынша биыл 18 жасқа толған 8 азамат алғаш рет дауыс берді. Бұл олар үшін ерекше әрі жауапты сәт болды, себебі әрбір азаматтың таңдауы – еліміздің болашағына әсер ететін маңызды қадам.
Референдум – мемлекетіміздің даму бағыты мен келешегіне ықпал ететін маңызды саяси науқан. Алғаш рет дауыс берген жастар өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдады.
Жастардың айтуынша, алғашқы дауыс беру – үлкен жауапкершілік және мақтаныш. «Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тірегі. Біз ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерде белсенді болып, өз пікірімізді білдіруіміз қажет», – дейді туған күн иелері.
Сауран ауданының белсенді жастары өз тәжірибелерімен бөлісіп, келесі жасқа шақыру жасады: Ел болашағы үшін белсенді болып, өз таңдауын жасау әрбір азаматтың маңызды борышы. Біз барлық жас азаматтарды өз құқықтарын пайдаланып, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырамыз, – деді олар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы