БӘЙДІБЕКТІК ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАР – ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!

1  405 көрілім

Жуырда Жезқазған қаласында өткен Қазақстан Республикасының күзгі чемпионатында Бәйдібек ауданындағы ОРМБЖСМ ККМ-нің 2013-2014 жылы туған қыздар командасы жүлделі ІІ орынды иеленді!
Бұл жетістік – жас спортшылардың табандылығы мен жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі. Команданы әрдайым қаржылай және рухани тұрғыда қолдап, спорттың дамуына жанашырлық танытып жүрген «Ауыл» партиясының Бәйдібек ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Мырзабеков Ерболат Қалдарұлы жеңімпаздарды және жаттықтырушыларды шын жүректен құттықтап, «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерекелік медальдарын табыстады.
Сонымен қатар, 40 жылдық еңбегімен спорт саласының дамуына зор үлес қосқан ардагер Ақбар Игіліков, жаттықтырушы Айдана Үсенбаева Ғалымжанқызы және бірқатар спорт жанашырлары да марапатқа ие болды.
Өз кезегінде жаттықтырушылар Ерболат Қалдарұлының көрсеткен қолдауына алғыстарын білдіріп, чемпионатта жеңіп алған кубогін сыйға тартты.
Бәйдібектің жас спортшыларына жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы