Тарих парағына айналып, өткелі отырған 2019 жыл түркістандықтардың есінде толағай табыстармен қалғалы отыр. Қасиетті шаһар облыс орталығына айналып, үлкен бір белесті бағындырды. Қазіргі таңда Түркістанның жаңа келбеті қалыптасты. Құрылыс қарқыны күн санап артып, әлеуметтік нысандар сап түзеп келеді. Жаңа аллеялар бой көтеріп, таяуда ашылған гүлдер саябағы түркістандықтардың саялы демалыс аймағына айналды. Қаламыздың осындай көз ілеспес жылдамдықта дамып, түрленіп жатқанына түркістандықтардың алғысы шексіз.
Күллі әлем қауымдастығы мойындаған Қазақстан тәуелсіздігінің 28 жылында еліміздің мерейі жыл өткен сайын биіктен көрініп, әр жылы он жылға тең келетін теңдесі жоқ жетістіктерге жетіп отыр. Барынша дамыған отыз мемлекет қатарынан ойып тұрып орын алу мұратының да іс жүзіне асар қуанышты сәті алыс емес. Сондықтан баршамыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейік, жан жылылығына бөленейік. Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай. Жаңа 2020 жыл құтты болсын жерлестер!
Ерболат ТӨРЕЖАНОВ,
«Ныш-Ер» ЖШС директоры.