“ЖАСТАР ЖЫЛЫ” ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

949 көрілім

Жаңа жыл – қашан да әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен биік армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ерекше мереке екендігі жасырын емес. Барлық адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттанғанды қалайды.

Біз осынау бүкілхалықтық мереке үстінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйытқы болуымен қол жеткізген табыстарымызды үлкен мақтанышпен айтамыз.

Тәуелсіздігіміздің 28 жылын халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің арқасында, Елбасының ұлы бастамаларының нәтижесінде жемісті еңсердік. Осы жылдар ішінде Түркістан қаласы да елеулі жетістіктерге жетіп келеді. Осынау ұлағат егемендік алған жылдары құлашын кеңге жайып, жастардың бүгінгі күн мен болашаққа сеніммен қарауына, жан-жақты жарасымды жетілуіне кең жол ашты. Оның үстіне Елбасымыздың «Біздің болашағымыз – жастар» деген жалынды сөзі мен ерекше аялы қамқорлығы жастардың жігерін ұштап, олардың әрбір істе биіктерден көрінуіне серпін берді.

2019 жыл қаламыз үшін бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Келер жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай! Келер жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын! Еліміз аман, іргеміз бүтін, жеріміз тыныш болып, қасиетті Отанымыз, киелі шаһарымыз Түркістан өркендеп, дами берсін! Баршаңызды Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Ералы ҚАМБАР,

қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы