2025 жылғы 26 қазанда өткен Түркістан қалалық мәслихатының
шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 26 қазандағы №2 сайлау округі бойынша сайланған Түркістан қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 8 287 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 4 287 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 36 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
№2 сайлау округі бойынша Түркістан қалалық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абдираманов Абдраман Бакбергеновичке сайлаушылардың 1 177 дауысы берілді;
Кокенов Ербол Нуралиевичке сайлаушылардың 2 697 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 395.
Сайлау қорытындысымен №2 сайлау округі бойынша Түркістан қалалық мәслихатының депутаты болып:
1989 жылы туылған, “KEN GROUP KZ” ЖШС -нің директоры. Кокенов Ербол Нуралиевич сайланды, Түркістан қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, «Amanat» партиясының мүшесі, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы
