ХАБАРЛАНДЫРУ!

201 көрілім

“САУАТТЫЛЫҚ САРДАРЫ” БАЙҚАУЫ

Қаржылық мәдениет пен ақпараттық қауіпсіздікті дамыту — бүгінгі қоғамның маңызды міндеті.
Осы мақсатта Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұқаралық ақпарат құралдары арасында «САУАТТЫЛЫҚ САРДАРЫ» атты шығармашылық байқау жариялайды.

🎯 Мақсат:
Қаржылық қауіпсіздік және «FIN IQ» республикалық диктантының идеясын кеңінен насихаттау, сапалы журналистика мен терең ойлы талдауды қолдау.

📋 Бағалау критерийлері:

  1. Контенттің тереңдігі және әдістемесі
    – Диктант тақырыбына арналған аналитикалық мақалалар;
    – ЭТТД басшысы немесе сарапшылармен жеке сұхбаттар;
    – «Алаяқтық схемаларын талдау» сынды түсіндірме материалдардың мазмұны мен сапасы.
  2. Жарияланым жүйелілігі
    – Диктант қарсаңындағы және қорытынды кезеңіндегі жарияланымдар саны;
    – Материалдардың тұрақтылығы мен ақпараттық белсенділік деңгейі.
  3. Қоғамдық пікірді қалыптастыру
    – Оқырманнан түскен кері байланыс (пікірлер, хаттар);
    – Түркістан облысы тұрғындарының өзекті қаржылық мәселелерін көтеру;
    – Материал арқылы қоғамға практикалық кеңес беру және түсінікті жеткізу.

🏆 БАС ЖҮЛДЕ — заманауи компьютер! 💻

🗓 Байқау мерзімі: 10–20 қазан 2025 жыл
📍 Түркістан облысының әкімдігі және “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен

🖋 «Сауаттылық сардары» — бұл ақпаратты таратудың ғана емес, қоғамды қаржылық сауаттылықпен қаруландырудың айқын үлгісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы