МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІН ЕНГІЗДІ

579 көрілім


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарында дайын құжаттарды мекенжайға дейін жеткізу қызметін іске қосты. Жаңа сервис «Халыққа қызмет көрсету бөлімінің менеджері» пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылуда және қазіргі таңда барлық фронт-офистерде қолжетімді.
Енді азаматтар мемлекеттік қызметке өтініш берген соң, дайын құжатты өздеріне ыңғайлы мекенжайға жеткізуді рәсімдей алады. Ол үшін бөлімшеде қажетті деректерді көрсетіп, банк қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасау жеткілікті. Қызмет құны: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – 1990 теңге, облыстарда – 1000 теңге.
Жеткізу 15 түрлі мемлекеттік қызметке қолданылады. Оның ішінде:

  • туу, неке қию, ажырасу, қайтыс болу туралы қайталама куәліктер;
  • туу туралы куәлік;
  • некені бұзу куәлігі;
  • архивтік анықтамалар;
  • білім туралы құжаттардың дубликаттары;
  • азаматтық хал актілерін қалпына келтіру;
  • ресми құжаттарды апостильдеу бар.
    Құжат дайын болған кезде қызмет алушыға 1414 нөмірінен бірегей коды бар SMS-хабарлама жіберіледі. Курьер осы код пен жеке куәлікті тексеру арқылы құжатты тапсырады.
    Жеткізу мәртебесін «ЦОН» мобильді қосымшасындағы «Құжаттарды жеткізу» бөлімінен бақылауға болады. Қосымшаға тіркелу ЖСН мен телефон нөмірі арқылы жүзеге асады.
    Жаңа сервис азаматтарға ХҚКО-ға қайта бармай-ақ құжат алу мүмкіндігін беріп, қызметтің қолайлылығын арттырады және деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы