«Шаян колхозшылары» – «Алғабас» газетінің тарихы

502 көрілім

Қазақ баспасөзінің тарихында аудандық басылымдардың алатын орны ерекше. Олар – белгілі бір өңірдің шежіресін хатқа түсіріп, ауылдың тыныс-тіршілігін, қарапайым еңбек адамдарының өмірін насихаттап отырған бірден-бір рухани құрал. Осындай аудандық басылымдардың бірі – қазіргі таңда «Алғабас» деген атпен танымал «Шаян колхозшылары» газеті.

Газет алғаш рет 1935 жылы жарық көріп, «Шаян колхозшылары» деген атпен оқырман қолына тиді. Ол кезде Қазақстанның оңтүстігінде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, колхоз құрылысы күшейіп жатқан уақыт еді. Ел ішіндегі жаңалықтарды, ұжымшарлар мен кеңшарлардың жетістіктерін халыққа жеткізу, еңбек адамдарының өмірін көрсету, ауыл өмірінің түрлі түйткілдерін қозғау – газеттің басты мақсатына айналды.

Газеттің алғашқы нөмірлерінде колхоз құрылысы, егіншілік, мал шаруашылығы, ауыл еңбеккерлерінің жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы материалдар жиі жарияланып отырды. Бұл басылым аудан тұрғындарын социалистік еңбекке жұмылдырып, үгіт-насихат жұмысын атқаруда үлкен рөл ойнады. Сол дәуірдегі газет материалдары бүгінгі таңда сол кезеңнің рухани айнасы іспетті – онда ауыл адамдарының тыныс-тіршілігі, қуанышы мен қиындықтары, жеңістері мен мұңдары көрініс тапқан.

Газет тілшілері ел ішін аралап, әрбір еңбеккердің жетістігін, озық тәжірибелерін қалт жібермей жазып отырды. Қатардағы шопанның, механизатордың, диқанның бейнесі газет бетінен түспей, олар халық арасында үлгіге айналды. Атап айтқанда, газеттің алғашқы жылдарындағы нөмірлерінде аудандағы колхоздардың даму барысы, тың игеру, сауат ашу науқандары мен ауылдағы мәдениет ошақтарының жұмысы кеңінен көрініс тапты.

Кейінгі жылдары елдегі саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты газет бірнеше рет атауын өзгертті. Дегенмен, оның негізгі бағыты – ел ішінің жаңалығын жұртшылыққа жеткізу, ағарту мен тәрбие беру ісі өзгеріссіз қала берді. Қай кезеңде де газет ұжымының басты ұраны – туған өлкенің дамуына қызмет ету болды.

«Шаян колхозшылары» газетінің негізінде қалыптасқан дәстүрлер мен тәжірибе бүгінгі күні «Алғабас» газеті арқылы жалғасып отыр. Бұл басылым аудан өмірінің айнасы ретінде сан алуан саладағы жаңалықтарды, маңызды оқиғаларды, қоғамдық бастамаларды және ел азаматтарының жетістіктерін халыққа жеткізуді жалғастыруда.

Қазіргі таңда «Алғабас» газеті – тек ақпарат құралы ғана емес, сонымен қатар жергілікті тарихтың шежіресі, рухани тәрбие мектебі. Газет бетінде ауданның айтулы тұлғалары, еңбек ерлері, білім мен мәдениет саласындағы жетістіктер, жас ұрпақтың бастамалары кеңінен жарияланып келеді.

Пернахан Балнұр,

кітапханашы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы