РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ ҮНДІСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТІП ЖАТЫР

702 көрілім

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры жанынан құрылған «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Би-Сұлтан» би ансамблі Үндістан елінің бірнеше қаласында өнер көрсетіп жатыр.

Үндістандық көрермен қазақ өнері мен мәдениетіне тәнті болып, құрмет көрсетуде. Бұл жайлы үнді баспасөз беттерінде жарыса жазылып, насихатталып жатыр.

Айта кетейік, 18-28 қаңтар күндері аралығында Қазақстанның мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында арнайы гастрольдік сапар жоспарланған.

Он күн бойы өнер көрсетуге Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры жанынан құрылған «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерінен құралған «Би-Сұлтан» би ансамблі жолға шыққан болатын.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы