- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістанның мәдениеті мен өнерін әлемге таныту мақсатында, 2025 жылдың 18-28 қаңтар аралығында Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театры жанынан құрылған «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің студенттерінен құралған «Би-Сұлтан» би ансамблі Үндістанға өнер сапарымен аттанады.
Сапар барысында әріптестеріміз Чандигарх, SAS Нагар, Лудхиана, Джаландхар және Шимла қалаларында концерт қояды екен. Бұл сапар екі елдің мәдениетін таныстырудың, өзара түсіністік пен достық қатынастарды нығайтудың зор мүмкіндігі болары сөзсіз. Түркістандық өнерпаздар Үндістанда қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен өнерін жоғары деңгейде танытатынына сенім мол.
«Тарлан» вокалды-аспапты ансамблі Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрының жанынан 2009 жылы құрылған. Аталмыш ансамбльге Бақыт Мұратбеков жетекшілік етеді. «Тарлан» вокалды-аспапты ансамблінің жетістіктеріне көз жүгіртіп шығайық. Бұл топ ең алғаш рет, 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Сарыағаш қаласында өткізілген «Сырлы-саздар» облыстық байқауында «Бас жүлдені» иеленген. 2017 жылдың желтоқсан айында «Экспресс» халықтық ансамблінің 45 жылдық мерейтойына арналған және композитор Б.Байкенжеев әндерін насихаттау мақсатында «Бізге қымбат әуендер» атты аймақтық вокалды-аспаптық ансамбльдер байқауында үздік өнер көрсеткені үшін жүлделі 1 орынды иеленді. 2020 жылы Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай өткізілген «Жаңақорған жаңғырығы» атты вокалды-аспапты ансамбльдердің аймақтық онлайн байқауында үздік өнер көрсеткені үшін «Бас жүлдені» иеленді. 2023 жылы Меркі ауданының 95 жылдығы мен ҚР халық әртісі А.Қоразбаевтың 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Думанды Меркі – өнердің көркі» атты вокалды-аспапты ансамбльдердің аймақтық байқауына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2024 жылы Түркістан облысының Мақтарал ауданында өткізілген облыстық «Сағындырған әндер-ай» атты вокалды-аспапты ансамбльдері ән байқауында үздік өнер көрсеткені үшін «Бас жүлдені» иеленіп, қаржылай сыйақымен марапатталды.
Бүгінде «Тарлан» вокалды-аспапты ансамблі облыстық және қалалық деңгейде өткізілетін түрлі іс-шараларда белсене атсалысып, көрермен көзайымына айналып жүр. Сондай-ақ, еліміздің түрлі өнер додаларына қатысып, жүлделі орындарды иемденіп, Түркістан абыройын асқақтатып жүрген ансамбль.