ЕРТЕГІЛЕР АПТАЛЫҒЫ ТІЛ МЕН ТАТУЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН

288 көрілім

Түркістан облысында тілдік және этникалық теңдікті насихаттауға бағытталған маңызды жоба аясында «Қазақ ертегілері апталығы» ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан бұл шара Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының бастамасы болып табылады.

Жобаның мақсаты – этносаралық қарым-қатынастағы кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және татулық пен бірлікті нығайту. Апталық аясында Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Майтөбе мен Тастұмсық ауылдарында бірнеше қойылым көрсетілді. Әсіресе, М.Лермонтов атындағы орта мектеп пен Ю.Гагарин атындағы орта мектеп оқушыларына қойылған «Ақ лақ» және «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегілері үлкен қызығушылық тудырды. Бұл қойылымдарды мектеп оқушыларымен қатар М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері сахналаған.

Апталыққа қатысқан өзге ұлт өкілдерінен тұратын 300-ден астам оқушы қазақ халқының мәдениетімен жақынырақ танысып, ертегілерден ерекше рухани әсер алды. Сауалнама нәтижесі бойынша қатысушылардың 94,4%-ы шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Бұл іс-шара Түркістан облысындағы этностар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруға, қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеуге зор үлес қосты. Жоба жетекшісі Әбдуалиева Арайлым Әділбекқызының айтуынша, мұндай бастамалар қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Арайлым Әділбекқызы,

жоба жетекшісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы