КИЕЛІ ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

397 көрілім

Бүгінгі жалпыхалықтық референдумға орай киелі шаһардың қоғамдық көліктері жолаушыларды тегін тасымалдайды. 194 автобус 22 бағытта таңғы сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін тегін қызмет көрсетпек. Қазiргi таңда Түркістан қаласында 125 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.

Шаһарда жалпы 62 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден бастап жұмысын бастады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы референдумға қатысып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да ұйымдастырылған №133 референдум учаскесінде дауыс берді.

Дауыс беруге құқылы азаматтар түрлі құралдар арқылы референдумға шақырылған. Ал, өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға жылжымалы жәшіктер мен мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдайтын инватаксилер қарастырылған.

Айта кетейік, елімізде дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар. Ал, Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылған. Онда учаскелік комиссиялар заңға сәйкес жұмыс істейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы