Психикалық денсаулық деген не?

435 көрілім

      Психикалық денсаулық-бұл адамның ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал ететін, меншікті әлеуеттін іске асыра алатын, өмірде болатын  күйзелістерге төтеп бере алатын, өз өміріне және қоғамға үлес қоса алатындай  сауаттылық  жағдайы. 

10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні (World Mental Health Day) әлемде 1992 жылдан бастап Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен атап өтіледі.Дене саулығы мен психика саулығы арасында үлкен байланыс бар. Психикалық күйдің нашарлауы адамның физикалық денсаулығына әсер етеді. Үздіксіз стресс иммундық жүйені әлсіретіп, жүрек қан -тамыр  ауруларының, асқазан -ішек жүйесінің бұзылуының және басқа да физикалық мәселелердің туындауына ықпал етуі мүмкін.

Физикалық белсенділіктің психикалық денсаулыққа әсері: тұрақты физикалық жаттығулар, спорт, його, жаяу серуендеу психикалық денсаулықты жақсартады. Жаттығулар кезінде эндорфиндер бөлініп, адамның көңіл-күйін көтеріп депрессия мен мазасыздықты азайтады.

Психикалық саулық– адамның энергия деңгейін арттырып,дене белсенділігін  ынталантырады, иммундық  жүйені жақсартады , ауруларға төзімділікті арттырады.

Психикалық денсаулықты нығайтуға арналған кеңестер:

-өмір ағымын басқарып, күн тәртібін  жоспарлаңыз;

-дұрыс тамақтаңыз;

– қолыңыздан жақсы келетін және өзіңізді бақытты ететін сүйікті істермен жиірек айналысыңыз;

-дене белсенділігіне күніне 30 минут  уақыт бөліңіз;

-достарыңызбен және жақындарыңызбен байланысты үзбеңіз, өзіңізге ұнайтын  адамдармен уақыт өткізіңіз;

-қауырт жұмысты жақсы демалыспен алмастырыңыз;

– өміріңізде іске асырылатын нәрселерге ойыңызды шоғырландырыңыз, сондай-ақ мұндай іс-шараларға мүмкіндігінше жиірек қатысыңыз;

– көңіл көтеру және күліп жүру, өмірде жақсы нәрселерге көңіл аудару  шиеленістен құтылу мен өзіңізді жақсырақ сезінудің жақсы тәсілі екенін естен шығармаңыз;

Өзіңізге дұрыс қарау әдетін қалыптастырып, өзіңізге мейірімді болыңыз !

Түркістан қалалық емханасы Бірлік бөлімшесінің психологы Мухиддинова Фатима Каримовна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы