ТӨРТ ЖАСАР АҚАЙША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК АТАНДЫ

2  228 көрілім

2014-2015 жылдары туылған қыздар арасында өткен “Көркем гимнастикадан” балалар турнирі мәреге жетті. Республикалық “Жаңа жылдық жұлдыздар” атты сайысқа 25 үміткер қатысты.

Аталған жарыста Ақайша Нұрсұлтанқызы үздіктер қатарынан көрініп, І орынды иеленді. Небәрі 4 жастағы жүлдегер Шымкент қаласындағы Әлия Юсупова атындағы көркем гимнастика мектебінің шәкірті.

Айта кетейік, Ақайшаның бұл алғашқы жеңісі емес. Осы жылдың көктемінде 2015 жылы туылған қыздар арасындағы “Мамыр жұлдыздары” атты облыстық байқауда да шеберлігімен көзге түсіп, жеңістің биік тұғырынан көрінген болатын.

“Түркістан-ақпарат”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы