ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖЕГІ ҚҰРТ

663 көрілім

               Қазіргі кезде қоғамымызға қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстардың бірі – сыбайлас жемқорлық болып табылады. Яғни бұл қылмыс қоғамға қауіптілігімен, экономикаға кері әсер етуімен және басқа да зиянды зардаптармен сипатталады. Жалпы Сыбайлас жемқорлық латынның – «corruptio» – сатып алу деген сөзінен шыққан. Яғни лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.

               Сыбайлас жемқорлықтың әрекетін азайту одан әрі жоюды тек құқық қорғау органды ғана емес бүкіл қоғам болып сезінуіміз қажет. Оны түп – тамырымен жою мүмкін болғанымен, азайтуға болады.

               Сыбайлас жемғорлықпен күресте Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы орын алады. Осының айқын дәлелі ретінде айтсақ, Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында жеті стратегиялық қағидалардың қатарына «Сыбайлас жемқорлыққа табандылықпен әрі аяусыз күресуді» атап өтсе, ал 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды.

               Осыған қарамастан байлық жерлерде сыбайласқан көріністер орын алуда. Олардың қауіптілігі сол мұндай қылмыстарды мемлекеттің атынан белгілі бір функцияларды жүзеге асыруға уәкілет берілген тұлғалар жасайды.

               Сыбайлас жемқорлықты алдын – алу мақсатында Түркістан қалалық СЭББ-ның кіре беріс бөлмесінде көрнекі етіп Сенім жәшігі және Мемлекеттік қызметшілердің АР – Намыс Кодексі орнатылған. Мекеменің жоспарына сай құқықтық – семинарлар өткізіп отырады. Апта сайын өтетін лездемеде Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мекеме басшысының қатысумен талқыға салып отырады. Қызыметке орналасқан қызыметкерлерден салық декларациясын тапсыру мен мемлекеттік қызметтегі шектеулер таныстырылады. Сондай – ақ, жылсайынға табысы туралы декларацияны уақытылы тапсыру қатаң бақыланады. Қазіргі уақыт талабына сай Мекемеде Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында үнемі жұмыстар атқару көзделіп отыр.

               Қорыта айтқанда Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қызыметкерді орнынан алып тастап, қолына кісен салу емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизм орнату керек, сонымен қатар әр мекеменің басты назары ішкі өзін – өзі бақылау жүйесін құруға және қылмысты болдырмауға тиіс екендігін ескерген жөн. Сыбайластық бүгін ауыздықталмаса ертеңгі күні ырыққа көнбей кетуі мүмкін.

                                                                                                                            З.Сейдулла          

                                                                                                                            Түркістан қалалық 

                                                                                                                            Санитариялық-эпидемиологиялық

                                                                                                                            бақылау басқарманың маманы.

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ

ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫНЫҢ

НАЗАРЫНА!

Түркістан қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқарманың мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан қандай да бір сыбайлас жемқорлық тудыратын фактілер орын алған жағдайда 4-30-80 сенім телефонына хабарласуларыңызға болатындығын хабарлаймыз!

Түркістан қалалық СЭББ-нің 1.мкр 50А 2-қабат ғимаратында Ашық есік күніне басқарма басшысы аптаның сейсенбі күні сағат 15:00 ден, 17:00 ге дейін басшы басшы орынбасары аптаның сәрсенбі күні 15:00 ден, 17:00 ге дейін жеке тұлғалардан түскен арыз – шағымы бойынша жеке сұрақтарына байланысты жауап береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы