ӨҢІР БАСШЫСЫ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

3 290 көрілім

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарымен кездесіп, көкейтесті мәселелерін тыңдады. Кездесу барысында өңір басшысы қалада атқарылған жұмыстар барысына тоқталып, шаһарды дамыту бағытындағы жоспарларын айтты. Ең алдымен шаһардың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, 2023 жылдан бері өсім көрсеткіші жоғарылағынын жеткізді.

– Соңғы 6 жылда Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді. Осы тұста шаһардың даму бағытындағы атқарылған жұмыстардың бірқатар көрсеткіштерін атап өту керек. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 38 пайызға өсіп, 2023 жылы 370 млрд.теңгеден асты. Онымен қоса, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 82 пайызға өсіп, 2023 жылы 22 мыңнан асты. Олардың өндірген өнім көлемі 225 млрд.теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда жоспар бойынша 24 млрд.теңгеге немесе 12 пайызға өскен. Осы орайда 2023 жылы пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер 417 мың шаршы метрді құрап (жоспар – 394 454 мың шаршы., нақты – 417 445 мың шаршы), жоспар 23 мың шаршы метрге артығымен орындалғанын айтқым келеді. Айта кетейік біз қаладағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Қай салада көрсеткіштер төмендеп кеткен болса, соны көтеру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуіміз керек,  – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Жиында өңір басшысы қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің 2024  жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы және алдағы жоспарлар бойынша баяндамасын тыңдады. 

Сондай ақ, облыс әкімі шаһар басшысының баяндамасында келтірілген мәліметтерге сәйкес жоспар бойынша толық орындалмаған жұмыстарды алға тартып, қаржыны игеру, салық түсімдері бойынша кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Атап айтсақ, азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді ұлғайту, кәріз жүйесі және өзге де мәселелерге байланысты жұмысты ширату жөнінде тапсырма берілді.

Өз кезегінде кала әкімі Нұрбол Тұрашбеков киелі шаһарға келуші зияратшылар мен туристердің саны 326,3 мың адамға жеткенін алға тартып, 2023 жылмен салыстырғанда 37,6% өскенін жеткізіп, қаланың туристік әлеуеті артқанын айтты.

Басқосуда тұрғындар тарапынан жол мен қоғамдық көлік мәселесі, тұрғын үй кезегі және өзге де мәселелерді көтерді. Өңір басшысы сұрақтарға жауап беріп, әрбір өтініш назарға алынатынын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы