Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрының көрермендер залының жылдан-жылға лық толып, бір қойылымға бірнеше рет келетін көрермен қатары да көбейгені көңіл қуантарлық жайт. Сонымен қатар, театрда тағдырлары тоғысқан жұптар да аз емес. Театр әр қойылымды өз көрермендеріне асқан шеберлікпен шынайы жеткізеді. Бұл театрдың ең басты құндылығы мен жетістігі.
Тағылымы бөлек, тұғыры биік, ұйымшыл ұжымы бар театрдың бүгінгі күнге дейін қойған барлық қойылымы көрерменді ерекше әсерге бөлеп, өзгеше ой түйгізуі олар шыққан ең үлкен шың. Театрдағы әр актер өзіне берілген рөлді шынайы ойнап, жауапкершілікпен қарайтын өз ісінің мамандары екенін көрсете білетін нағыз талант иелері. Жүрек тебірентер актерлік шеберлік пен қойылымдағы ашық көрініс көрерменге жақсы әсер мен керемет көңіл-күй сыйлайтыны анық. Сейтметов театры әр жанрдағы қойылымдарды өзіңдік құндылықтарымен сомдап шығатын қайталанбас өнер иелері. Театрдың басты мақсаты – көрерменге қойылымды аша білу. Мағынасы мен мәнін түсіндіріп, кейбір қойылымдармен нағыз өмірдегі түрлі жағдайларға алдын – ала дайын болу керектігін ұғындыру. Қойылым ойдан шығарылатын дүние емес. Ол біз сүріп жүрген өмірдегі әртүрлі тағдырлардың жемісі. Сол қойылымдағы болып жатқан оқиғалар мен жайттардың барлығы бір адамның басынан өткен болуы мүмкін. Оны басқа адамға қойылым арқылы жеткізе білу актер атты мәдени қызметкердің шеберлігі мен міндеті. Ал, осы қойылым деген дүниенің қыр сырын жетік түсініп, көрермендері үшін талмай еңбек ететін театрлардың бірі Райымбек Сейтметов театры.
Театрдың Райымбек Сейтметов деп аталуы тегін емес. Бұл туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры алғаш тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жарылығымен, Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың №83-ші шешімімен 2000 жылдың 9 наурызында ашылды. Театрдың негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі болып Райымдек Сейтметов тағайындалды. Театрға қаншама жыл еңбегі сіңген Райымбек Сейтметовтың аты берілуі ол үшін ең үлкен құрмет пер сыйластықтың нышаны. Ал, бүгінгі таңда бұл театрдың директоры Алиев Арман Махмутұлы. Айтуынша, театрда дәл қазір 28 актер мен актриса жұмыс жасайды екен.
Сонымен қатар қоржындарында 52 ге жуық қойылым, 18 балаларға арналған қойылымдар бар. Сонымен бірге, бұл театрдың жеткен жетістіктері де аз емес.
Театрдың қазіргі директоры Алиев Арман Махмутұлынан театр жайлы өз пікірін білдік.
– Көптеген жетістіктеріміз бар. Былтыр ғана театрымыз Румыния елінде болатын фестивал мен Көкшетауда өткен халықаралық комедия фестиваліне қатысып көрермендерінің керемет тілектері мен алғыстарына қанық болып келген болатын.Ең көп сұранысқа ие қойылымдарымыздың бірі ол Райымбек Сейтметовтың асқан шеберлікпен сахналаған, сол кісінің режиссерлығымен қойылған драма жанрындағы “Көк түріктер” атты қойылымы. Бұл қойылым Түркия елінің бірнеше қаласында түрік тілінде сахналанып, сол жақтағы театр сүйер көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Сонымен қатар комедия жанрындағы “Келіндер көтерілісі” қойылымына да өздерінің ерекше мақтауларын білдіріп, театр ұжымына үлкен алғыстарын айтқаны біздің ең үлкен жетістігіміз – деді, театры басшысы бізге берген сұхбатында.
Бүгінде театрда тек сахналық өнер көрсететін актерлер ғана емес, “Тарлан” вокалды инструметалдық ансамбльі де жұмыс жасайды. Бұл ансамбль 2009 жылы қыркүйек айынан бастап құрылып сол жылдан бері Түркістан хақына қызмет көрсетіп келе жатыр.
Манатбек Баржубаев “Тарлан” вокалды инструметальдық ансамбль жетекшісі:
“Тарлан ансамблі өнерлі жастардан құралған ерекше ұйым. Театр жанынан ашылғалы бері, жүлделі орындардың иегері, түрлі сайыстардан төбе көрсетіп келеміз.Ансамбль 2010 жылы Сарыағаш қаласында өткен “Сырлы саздар” байқауында бас жүлде иегері атанған. 2017 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған елді мекенінде өткен “Express “ ансамбльінің 45 жылдығында, Бексұлтан Байкенжеевтың 75 жылдығына арнайы берілген аймақтық байқауда 1-ші орынды қоржындадық. Алда әлә талай шыңдарды бағындырарымыз анық. Ол үшін бізге тек көрермендеріміздің қолдауы мен ыстық ықыласы ғана керек. Біз одан шабыт алып қана қоймай, бағындырмаған белестерді оп-оңай, ешқандай кедергісіз бағындыра аламыз”- деп, ансамбль жайлы өз пікірімен бөлісті.
Райымбек Сейтметов театры өнерді сүйетін, рөлін жан-тәнімен беріліп ойнайтын актерларды шығарып қана қоймай, жас жұбайларды да табыстыра білген әдемі сәттердің куәсі болған асыл орын. Мысалы: театр актеры Нұржан Оралбекұлы мен жары Кәмшат Бексарықызы, екі жұпты осы театрда табыстырған тағдырлары. Қазіргі таңда отасқандарына 20 жылдан аса уақыт болыпты. “Өмірде жұп сахнада әріптес,серіктеспіз” – дейді жас жұбай.
Театр атанғалы бері өз өнерлерін көрермендеріне паш етуден жалықпаған Райымбек Сейтметов театрының атқарған қызметі мен сіңірген еңбегі әрқашан халық жадында қалатыны анық. Олай болса, театрға әрқашан көрермендерінің алғысына бөленіп, үлкен белестерді бағындыра берсін дегіміз келеді. Айта кетейік, қазіргі кезде Түркістан облысында 3 кәсіби театр жұмыс жасайды. Олар Райымбек Сейітметов атындағы Түркістан сазды-драма театры, Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры және Түркістан музыкалық драма театры. Үш өнер ордасы да Түркістан мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан мықты талант иелерінен құралған орындар. Барлық өнер ордасы көрермендерінің ыстық ықыласы мен үздіксіз соғылған шапалағына ие бола берсін. Ілтипатқа бөленген әр өнер иесі өз ісінің нағыз маманы екенін дәлелдеген майталман.
Жанару Тұрсынбек, 3 курс студенті.