2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалы 2021 жылдың 6 қыркүйегі мен 2022 жылдың 3 наурызы аралығында тұтынушылардан бастапқы газды қосуға және пломбалауға 125 642 196 теңге сомасын заңсыз алғаны анықталды.
Осыған байланысты, Департамент көрсетілген соманы тұтынушыларға қайтару негізінде тиісті ұйғарым шығарды және сот органдарында дұрыстығын дәлелдеді.
Қазіргі уақытта Департаменттің 2022 жылғы 20 сәуірдегі нұсқамасына сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалы тұтынушылардың дербес шоттарына 125 642 169 теңге сомасында толық көлемде қайтарылды.