ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

27 көрілім

Түркістан қаласының Қоғамдық кеңесі кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Тақырыбымызға арқау болып отырған игілікті іс осы отырыстан туындағанын да айта кеткен жөн. Бірінші кеңес отырысының барысына тоқталып өтсек.

Қала аумағында 2023 жылы көгалдандыру, абадтандыру және санитарлық тазылығын жақсарту бағытында «Жасыл Түркістан» КММ мен «Түркістан Жарық-Тазалық» ЖШС-нің атқарған жұмыстарының қорытындысы мен осы жылы атқаратын жұмыстары туралы аталған мекеме басшылары баяндады. Күн тәртібінде бірінші қаралған мәселеге назар аударған кеңес мүшелеріжұмыс барысында олқылықтарға жол бермеу тұрғысында бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Айта кетерлігі, «Түркістан Жарық-Тазалық» ЖШС басшысы Ж.Тулеевтің жауапкершілігін қарап, қатаң шара көру сұралды. Себебі, аталған мекеме тарапынан «ҚР Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 18-бабының 4-ші тармақшасы талаптарының орындалуына себепсіз мүмкіндік бермеген. Сонымен бірге, инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысына құзырындағы мекеменің тиісті деңгейде жұмыс жүргізуін бақылап, заң шеңберінде шара көру қажеттігі ұсынылды.

Бұдан бөлек, «Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» КММ өткен жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Бөлім басшысы Н.Сыздықовтың баяндамасы жан-жақты талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелері мекеме жұмысына қанағаттанарлық баға берді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Э.Бейсенованың хабарламасы тыңдалды. Мұнда «Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №10/44-VIII Түркістан қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан қалалық мәслихат шешімінің жобасына ұсыным беру жайы қаралды. Ал, төртінші мәселе «Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12/50-VIII 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы О.Булегеновтің хабарламасы тыңдалып, қорытынды жасалды. Осылайша Қоғамдық кеңес төрағасы М.Атанбаев бастаған кеңес мүшелері кезекті отырыста тиісті шешімдердің қабылдануына үн қосты. Осы мәжілісте «Жасыл Түркістан» мекемесінің есебінде қаланы көгалдандыруға кеңес мүшелерінің де үлес қосуға ниетті екендігі жеткізіліп, арнайы уағдаластықтар болған. Нәтижесінде өткен сенбіде Мақсұт Атанбаев бастаған Түркістан қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері Ахмет Ясауи мешітінің ауласына ағаш отырғызды. «Жасыл Түркістан» мекемесімен бірлескен игі іске кеңес мүшелері жауын-шашынға қарамай белсенділігін танытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы