Құтыру ауруынан сақтаныңыз!

218 көрілім

Құтыру – ит пен мысықтың, жабайы аңдар мен үй жануарларының тістеуінен болатын, жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталып, өлімге соқтыратын аса қауіпті вирусты жұқпа.

Ауданымыз аса қауіпті құтыру ауруынан өте қолайсыз аймаққа жатады. Адамдар құтырудан қайтыс болған қайғылы жағдайлар бірнеше рет орын алған. Аса қауіпті бұл ауру  – иттің, қасқырдың, түлкінің т.б. жабайы жануарлардың (қарсақ, шибөрі, қоян, тышқандар), үй жануарларының (ит-мысық, сиыр, жылқы, есек, қой-ешкі) тістеуінен, тырнауынан немесе сілекейі арқылы  адамдарға жұғатын қауіпті ауру.

          Кез келген жануардың тістеуінен, тырнауынан немесе сілекейі тиюінен кейін тез арада  дәрігерге көріну керек. Күдікті жануарды тез арада оқшаулап мал дәрігерін шақырыңыз. Зардап шегушіге алғашқы көмек барлық ауруханалармен, емханаларда көрсетіледі. Құтырмаға қарсы егуді дәрігер белгіленген мерзімде уақтылы келіп алыңыз.

Адамдар арасындағы құтыру ауруының алдын алудың бірден-бір шарасы жануарлар тістеп, тырнап, сілекейлеген жағдайда мүмкіндігінше ертерек құтыруға қарсы вакцина салдыру. Өзінің иті-мысығы тістеп алып, өзімдікі  ғой деп мән берместен, дәрігерге қаралмастан бірнеше ай жүріп құтырумен ауырып өліп жатқан қайғылы жағдайлар әлі де кездесуде. Құтыруға қарсы вакцина алмаған адамды құтырудан  ешкім де емдеп жаза алмайды, соңы өлімге апарып соқтырады.

Балаларыңыздың белгісіз ит-мысықтармен ойнауына, күтіп-қарауына жол бермеңіз, өзіңіздікі болса да итпен жалғыз қалдырмаңыз. Үй жануарларын ұстау ережелерін сақтаңыз, итіңізге барлық қажетті егулерін салдырып, өз мал дәрігеріңізден барлық қажетті анықтамаларын алып отырыңыз.     

            Түркістан қалалық  СЭББ эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Р.Зияда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы