Түркістан облысы кәсіпкерлерге қолдау көрсету жобалары бойынша республикада алда келеді. Өңір дамуының драйверіне айналған салалар ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы дамып жатқан салалар өте көп. Атап айтсақ, аудан басшысы аудан, ауылдарда атқарылған жұмыстармен қатар өзекті мәселелерді де халық назарына ұсынды.
Оның ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасына басымдық берген Азат Әбдіғалиұлы аталған бағдарлама аясында Шұбарда мал, өсімдік, құс, балық шаруашылығы мен тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту бағытындағы 26 жобаға 49 құжат мақұлданғанын тілге тиек етті. Әрі шаруаға жайлы ауыл үшін мемлекеттік қолдаудың мүмкіндігін пайдаланушылардың қатары әліде аз екендігіне тоқталып, ауылдастарды кәсіп бастауға шақырды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған игі жоба. Оның мақсаты да ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Аталған бағдарлама Ордабасы ауданында тиімді жүзеге асырылула.
Бұл жобаға ауданнан 4 ауылдық округ енгізілген. Ол Бадам, Шұбар, Бөржар, Қараспан ауыл округтері. Бүгінгі таңда 1 млрд 753 млн теңгені құрайтын 337 жобаға өтініш түскен. Нәтижесінде 232 жоба мақұлданып, жалпы соммасы 1 млрд 43 млн теңгені құрайтын 165 жоба қаржыландырылған
Жобаға қатысып кәсібін бастағанның бірі Шұбар ауылының тұрғыны Ербол Сұлтан. Ол келінінің атынан 7,5 млн теңге 2 пайызбен 7 жылға алып отыр. Ол қаржыға 300 мың теңге төңірегінде тұратын 16 бас ірі қара алған. Қазір осыл қара тұқымын өз қорасында бордақылап отыр.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына өте қолайлы болып отыр. Әсіресе қора жайы егістік жері бар бірақ қаржысы жоқ тұрғындарға кәсіп бастауына оң ықпал етеді. Бағдарлама бойынша алты бағытта қаржы бөлінеді.
Осылайша ордабасылық шаруалар өз кәсібін бастап отыр. Мемлекеттік бардарламаның шарапатын шалғайдағы тұрғындар да сезінуде.
Өңірде «Ауыл аманаты» жобасына биыл 3 млрд теңге қаржы қаралған. Жоба халықтың табысын арттыру, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін. Ал ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК немесе 8,6 млн теңге. Зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8 мың АЕК немесе 27,6 млн теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.
Айта кетсек, бағдарлама әкімшісі – облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Шағын несиені кімдер ала алады?
Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жүзеге асырылатын жобаларға беріледі, яғни, облыс бойынша Қызылорда қаласынан басқа елді мекендердің барлығынан азаматтар өтінім бере алады.
Бұл ретте өңдеу саласына қатысты жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы секілді жобалар, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау және басқа бағыттағы бизнес жобаларды қаржыландыру көзделіп отыр.
Шағын несие алу үшін өтінім беруші жеке кәсіпкер болып тіркелуі керек. Сондай-ақ, кепілмен қамтамасыз етудің, салық органдарында тіркеудің болуы, басқа несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның, мемлекеттік кірістер органдарында берешектің болмауы талап етіледі. Бұдан бөлек, несие алушы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.
Несие алушыда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі, қора және басқа да қажетті жағдайлардың болуы, ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру және жоба аясындағы өндірген өнімін өндірістік кооперативке өткізу талап етіледі.
Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.
Микрокредит қай мекеме арқылы беріледі?
Микрокредиттер сенім білдірілген өкіл арқылы халыққа беріледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, сенім білдірген өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ белгіленген. Микрокредиттер әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның бөлімшесі «Өңірлік инвестиция орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы беріледі. Мекеме құжаттар, өтінім қабылдау тәртібін анықтап, микрокредит алатын үміткерлерді іріктейді.
Бағдарлама аясында несие алу үшін үміткер «Өңірлік инвестиция орталығына» өтініш, жеке басты куәландыратын құжат, несие тарихы мен есеп туралы ақпаратты беруге келісімі, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға, БАҚ-қа берілген микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалу-орындалмауы туралы барлық мәліметтерді беруге және алуға келісімі, бизнес-жоспар, қарыз алушының уәкілетті органының микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі, мүлікті кепілге беру жөніндегі кепіл берушілердің келісімі, қызмет көрсететін банктен шоттың бар екені туралы анықтама, несиелік берешектің болуы туралы анықтама, қарыз алушының жалақысын, өзге де кірістерін растайтын құжат, бағалау туралы есеп, кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды өткізуі керек.
Айта кетерлігі, сенім білдірілген өкіл үміткер ұсынған құжаттарды өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер талапқа сай болмаған жағдайда, себебін көрсете отырып кері қайтарады. Ал несие талаптарына сәйкес құжаттар 15 жұмыс күні ішінде қаралып, микрокредитті мақұлдау не беруден бас тарту туралы шешім қабылданады. Мақұлданған жағдайда үміткермен шартқа қол қойылып, содан кейін микрокредитті оның ағымдағы шотына 3 жұмыс күні ішінде аударады.
Қаржының мақсатты жұмсалуы қадағаланады.
Осылайша «Ауыл аманаты» ауыл халқына жеке кәсіп ашуға немесе бұрыннан бар кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін жеңілдетілген несие мөлшерлемесі енгізіліп, бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде.
Атап айтсақ, республикалық бюджеттен бағдарламаға биыл бөлінген қаржы 52,4 млрд теңге. Оған ел бойынша 11 мың микрокредит беру көзделіп отыр. Соның ішінде өңірге 3 млрд теңге қаржы бөлінді. Бағдарлама облыс орталығынан басқа елді мекендердің барлығын қамтитынын ескерсек, бұл аса қомақты қаржы емес. Басқарма басшысының айтуынша, микрокредит қаржысының мақсатты жұмсалуы да қадағаланады. Сенім білдірілген өкіл ай сайын ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.
Ауыз су, электр желілерін тарту, көгілдір отынмен қамту, асфальт төсеу, ортақ жайылым көлемін ұлғайту бойынша атқарылған және алда атқарылатын жобаларға тоқталып өтті.
Тарқатып айтар болсақ, Жаңатұрмыс аумағына «Таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, шілде айында пайдалануға берілсе, газ жүйесінің құрылыстары Шұбар, Тоқсансай, Береке, Сарытоғай елді мекендерінде жалғасын табуда.
Шұбар ауыл округіндегі Шұбар, Береке, Тоқсансай, Сарытоғай, Жусансай және Аққойлы елді мекендері толық электр энергиясымен қамтылған. Мұнан бөлек, келер жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Шұбар ауыл округіндегі 1,7 шақырым электр желілері жаңартылатын болады.
Шаруалар үшін өзекті мәселенің бірі – ағын су бойынша қолға алынған жобалар жеткілікті. Соның ішінде Балпан каналына №25 көлден су шығару мақсатында сметалық құжаттама әзірленіп, мердігер мекеме анықталуда. Осы жылдың қазан-қараша айларында Шұбар-қайшылы және Қозыке каналдарын механикалық тазалаудан өткізу жоспарлануда.
Ауылдастар жиі көтеретін ортақ жайылым мәселесі бойынша салалық бөлім тарапынан жыл соңына дейін 840 гектар жер ортақ меншікке қайтарылу көзделуде.
Шұбар ауылындағы бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізілсе, жарық шамдарын орнату бойынша да құжаттар әзірленуде.
Тұрғындардың өтініші бойынша аудан әкімі бірқатар құрылыс нысандарының алаңын аралап, ондағы кемшіліктерді тез арада ретке келтіруді тапсырды.
