ТҮРКІСТАН: ЖЛЫЖАЙҒА СУБСИДИЯ ТӨЛЕУ БАСТАЛДЫ

189 көрілім

Түркістан облысында жылыжай шаруашылықтарына субсидия төлеу басталды.

Өңірдегі төлемдердің жалпы құны 900 млн теңгеден асты. Субсидия алушылардың басым көпшілігі жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруалар.

Жылыжайларды мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығын субсидиялау ережелеріне толықтырулар енгізілгеннен кейін жүзеге асты. Осыған ұқсас норма құжатқа елімізде жылыжай көкөністер өндірісін қолдау мақсатында 2023 жылы алғаш рет енгізілген болатын. Бюджет қаражатын тиімді жұмсау сондай-ақ, барлық агротехнологиялар сақталатын жылыжайларды қолдау үшін өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы міндеттелді. Ұлттық стандартты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ және бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі. Жаңа норма 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді. 2023 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша 814 жылыжай ұлттық стандартқа сәйкестік сертификатын алды, тағы 825 өтінім қарастырылуда.

Бүгінде Түркістан облысы мен Шымкентте қаласы жылыжай шаруа қожалықтарының иелеріне субсидия төлеу басталды. Желтоқсан айында жылыжайларда көкөніс дақылдарын егу басталады. Ал, субсидия мөлшерлемелері Ережеге сәйкес көшеттердің өнген көлеміне қарай төленеді (1 шаршы метрге белгіленген көшеттердің кемінде 95%-ы). Түркістан облысында жылыжай фермерлеріне жалпы көлемі 565 млн теңге, Шымкент қаласындағы жылыжайлар үшін 341,9 млн теңге төленбек. Қазір Түркістан облысында 112 субсидия алушының 106-сы шаруа қожалықтарының жылыжайы, 6-ы өнеркәсіптік жылыжай.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі жылыжай шаруашылығын инвестициялық қолдау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейтуге берілетін субсидия көлемін 25%-дан 30%-ға дейін арттыру туралы өзгерістер енгізді.

Осы орайда Түркістан облысының тұрғындарына кәсіпкерлік туралы толық ақпаратты ұсынамыз. Қазіргі кезде кәсіпкерлік әртүрлі көзқараста қаралады: шаруашылықты жүргізу стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру үдерісі ретінде өзара әрекетте болатын нарық субъектілері ретінде және т.б. Біздің пікірімізше қазіргі кезеңдегі кәсіпкерлікке былайша анықтама беруге болады: «Кәсіпкерлік – халықтың тауарға (жұмысқа, қызметке) деген сұранысын қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, өз атынан мүліктік тәуекелге баратын, инициативті қызмет». Кәсіпкер кез-келген шаруашылық қызмет түрін жүргізуі мүмкін, егер ол заңға қайшы болмаса, мәселен: коммерциялық, делдалдық, сауда-саттық, кеңес беру және басқа да қызметтерді, сондай-ақ бағалы қағаздар операциясы. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, күнделікті өмірге коммерциялық негізде жаңа тауарды, жаңа өндірістік технологияны, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формасын әкелетін тұлға. Біздің республикамызда кәсіпкерліктің дамуы 1987 жылы кооперация туралы заң қабылданған соң басталды. Жалпы алғанда, бұрынғы Кеңес Одағында кәсіпкерлік кооперативтер немесе шаруашылық субъектілерінің жасырын түрінде әрекет еткен. «Қайта құру» дәуірінде жаңа кооперативтер, шын мәнінде шамалы айырмашылықпен капиталистік, тіпті шағын меншік фирмалары пайда болған. 1991 жылдың соңынан бастап кәсіпкерлік меншік ресми түрде дамытылуда. Оның орталықсыздандыру талабына сәйкес мемлекет саясаты әуелі жанама жолмен, содан кейін тікелей қолдауына көшті. Кәсіпкерлік өзінің қалыптасу және даму барысында Қазақстанда мынадай кезеңдерден өтті. Бірінші кезең, 1980-1991 жылдар аралығында ҚР-да кәсіпкерлік қызмет өзінің басын КСРО кезіндегі қайта құру кезеңінен бастады. Сол кезде елімізде жеке еңбектік қызмет туралы, кооперация туралы, бірлескен кәсіпорындар туралы, заңдар қабылданды. Осы кезде мемлекет тарапынан бірнеше жеңілдік шаралары қолданылды. Осының арқасында экономикада бөлшек сауда орындары, қоғамдық тамақтандыру туралы өнімді өндеу кәсіпорындары сияқты кооперативтік қозғалыстар күрт дамыды. Елімізде тауар тапшылығы жойыла бастады, яғни Қазақстанда кәсіпкерлік қызметінің фундаменті кооперативтер құралды. 80-шы жылдың аяғында 90-шы жылдың басында кооперативтердің саны 20 мыңға жуық болды. Ондағы жұмыс істейтің жұмысшылар саны 300 28 мың адам шамасында болды. Осы аралықта кооперативтер жалпы тауарлар мен көрсететің қызметің ¼ бөлігін астамын жүзеге асырды. Әр түрлі жеңілдіктер (оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен), экономикадағы тиімді жағдайлар шағын кәсіпкерліктің «алтын ғасырына» сияқты осы кезеңге ардагерлер қатынасын қамтыды. Шынында да капиталдың тез және жеңіл жинақталу түрі, кең тұтынатын тапшы тауарлар өндірісі, ол кезде тапшы саналатын тұрмыстық қызметтер саласы, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, т.б. дамыды. Бірақ бұл кезеңде шағын кәсіпорындар әміршіл басқарылатын мемлекеттік кәсіпорындардың ресурстарын көлеңкелі экономикаға, жартылай қылмыстық және қарапайым қылмыстық нарықтық кәсіпкерлік пайдасына өткізуші каналы ролін атқарды. Мұндай өткізудің нәтижесінде шағын кәсіпкерлікте жинақталатын қаражаттар жинақталу сферасынан мәңгі кетіп, ұлттық өндіріс пен оның инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылмады. Қазақстанда қалыптасқан жағдайға «естен тандыру» түріндегі реформада енгізілген басқа экономикалық бағыт қажет болды. Шағын бизнестің дамуында жаңа, екінші кезең басталды (1992-94 жж.). 1992 жыл, ХХ ғасырдың 80 жылдары ортасынан басталған шағын кәсіпорындар мен онда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының қарқынды өсуімен сипатталады. Бұл таң қаларлық жәйт, себебі бағаның ырықтандыруы мен салықтық прессингті енгізу шағын кәсіпкерліктің қаржылық базасын құлдыратты. Күшті инфляция бір жағынан, халық жинағының құнсыздануына, екінші жағынан банктік несиенің проценттік ставкаларының жедел өсуіне әкелді. Ол әлі күнге дейін иемденбеген инвестициялық қызметтің құлдырауына әкелді. Кең таралған пікір бойынша, «естен тандыру» моделі республика экономикасы мен шағын кәсіпкерлік саласының жылдам әрі тиімді дамуы үшін аз құрамды болды. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық реформаларын белсендіру жағдайында позитивті мүмкіндіктер де болды. Олардың басты қызметтері – әлеуметтік демпфиралау, жұмысбастылық арқылы дағдарыс жағдайында халықтың маңызды қабаты үшін өмір сүруін қамтамасыз ету, өмір сүруге қосымша қаражат алу мүмкіндігін ұсыну. Шағын кәсіпкерлік саласында қызметтер мен тауарлардың сапасы мен әр түрлілігін жоғарлату негізінде шағын кәсіпорындардың күресі мен сипатталатын қалыпты бәсекелі нарықтық орта қалыптаса бастады. Бірақ та қылмыстық құрылымдар шағын бизнеске тыныштық бере қоймады. Екінші кезеңде шағын кәсіпкерлік 3,4 есе, ауыл шаруашылық секторы 3,1 есе, нарықтық қызметің қамтамасыз ететің жалпы комерциялық білім беру 2,8 есе өсті. Осы аралықта материалдық өндіріс аясындағы шағын кәсіпкерліктің саны күрт төмендеді. Осы кезеңдегі сауда мен делдалдық қызметтің дамуына себеп болған ҚР үкіметінің жаңадан енгізілген салық туралы заңы. Шағын кәсіпкерліктің жалпы табысының 70-80 % мемлекет салық түрінде мәжбүрлеп алып отырған. Осындай қиыншылыққа қарамастан Қазақстанда биржалар, банктер, сақтандыру компаниялары, жеке және жартылай мемлекеттік 29 акционерлік қоғамдар ашыла бастады. Үкімет фермерлер шаруашылықты салықтың барлық түрінен босатты және шаруа қожалығы туралы заң қабылданды. Сондықтан 1992-1994 жылдар аралығында шаруа қожалықтардың саны 16,3-22,3 мыңға дейін өсті. «1992-1994 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жасау республиканың экономикасын дамытуға монополиялық әсер ететін ұйымдық – басқару құрылымдары, банктер, мемлекеттік акционерлік және холдингтік компаниялары, және шаруашылықтың басқа да субъектілері сияқты мемлекеттік секторларды коммерциялауды және монополизациясыздандыруды жүргізу жолымен жеке кәсіпкерліктің негізін қалауға мүмкіншілік берілді. Бұл кезеңде шағын кәсіпорындар жұмысының алғашқы үш жылында салықтардан босатылу сияқты салықтык жеңілдіктерге ие болды. Бұл еліміздегі шағын бизнесті дамытуға ең үлкен колдау болды. Кәсіпкерліктің дамытуын қаржылық қамтамасыз ету үшін меншік формасына қарамастан шаруашылық субъектілердің табысының 1 пайызын аудару есебінен кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге Республикалық қор құрылды. Бұл қабылданылған шараның арқасында халықтың қажеттілігін қанағаттандыратын тауарлар мен азық-түліктердің және нарықтың тапшылығының деңгейін төмендететін жеке кәсіпкерліктің субъектілерінін санының тез өсуіне алып келді. Нәтижесінде қатаң климатты зоналар мен Қазақстан аймағының төменгі сапалы жерлерінде көптеген фермерлік шаруашылықтар пайда болды, ал экономикалық мақсаттылық тұрғысынан алғанда мұндай шаруашылықтың нарықтық экономикасы дамыған елдерде де өмір сүруі мүмкін емес. Көптеген шағын кәсіпорындар өмірге ұзақ мерзімді даму бағдарламасын иемденбей отырып, экономикалық мақсаттылық күшімен емес, жалпы үмітпен, оларды ұйымдастырушылар арманынан абстрактілік «жақсы өмірге» өту арқылы келді. Инвестициялық дағдарыс, инновациялық белсенділіктің төмендеуді және барлық деңгейдегі бюджет тапшылығынан ғылыми өнімге белгілі бір сұранымды тез қалыптастыру жағдайында жеке шағын ғылыми фирмалардың көптеп пайда болуымен түсіндіріледі. Психологиялық тұрғыда бұл құбылыс келесідей түсіндіріледі: ғылыми қызмет, зерттеуші тұлғаларға көптеген он жылдықтар бойы сұраныс болмады. Жаңа жағдайлар бұрынғы ғылыми мүшелерге олар 70-80 жылдары мемлекеттік академиялық, салалық және басқа да ғылыми ұйымдарда болған қысымдық жағдайдан жеке шығуына сенім берді. Үшінші кезең (1995-1997 жж.). 1995 жылдан бастап нарықты жүйенің заңдары жетілдірілген түрде әрекет ете бастады. Экономикада бәсекелестік орта қалыптасып нарықты экономика толық қалыптасып жетілдіре бастады. 1997 жылы ҚР Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауды белсендіру мен күшейту» туралы үкімі шықты. Онда мынандай шаралар жүзеге асырылды: 1 Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік институттар құрылды; 30 2 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» туралы заңдар қабылданып оларға түзетулер енгізілді; 3 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ашылды; 4 Кәсіпкерлік субъектілерді несиелендіру үшін 2-ші деңгейдегі коммерциалды банктер несиенің минималды мөлшерін 10%-ға төмендетті; 5 Тек бақылаушы және тексеруші мемлекеттік органдармен құнды қызмет көрсету инстанциялардың саны қысқартылды. Қазақстандық үкіметпен жүргізілген қатаң қаржылық тұрақтандыру саясаты, бір жағынан, 1992-1994 жылдарға қарағанда шағын кәсіпорындар санының өсу қарқынының төмендеуімен жүргізілгенде, екінші жағынан, айқын санациялы әсер иемденгенде 1994-1995 жылдары шағын бизнестің динамикасы мен құрылымында сапалық өзгерістердің үшінші кезеңі аяқталды. Елде жаңа экономикалық жағдай қалыптаса бастады, онда шағын кәсіпорындар нарықтық экономикада шағын бизнеске тән ролді атқарды. Жоспарлы экономиканың трансформация кезеңінде соңғысы мемлекеттің стратегиялық бағдарын жасаудың құралы болып табылды. Экономикадағы нақты өсудің бастамасы төртінші, яғни қазақстандық кәсіпкерліктің нағыз нарықтық кезеңіне өтуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлік дамуының үш түрлі моделі туралы айтуға болады: – статусын сақтау арқылы қызмет масштабын консервациялау; – жұмыс белсенділінгінің жайлап кеңеюі; – шағын фирмалардың жедел экспансиясы және олардың орта фирмаларға, кейін ірі компанияларға айналуы. «1995-1997 жылдардағы Қазақстан Республикасынын кәсіпкерлікті колдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» негізгі мақсаты жеке кәсіпкерліктің инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке секторын қалыптастыруға кажетті – құқыктық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдық жағдайларды құру ел экономикасында нақты бәсекелестік ортаның пайда болуы жеке кәсіпкерліктің 150 мыңдай шамасындағы суъектілердің қалыптасуын талап етті. Мемлекеттік басқару органдарының және кәсіпкерлік құрылымдардың өзара іс-әрекеттерімен қамтамасыз етуін және бағдарламалар жасаудың негізгі механизмі республиканың барлық аудандарында шағын бизнестің орталығын кұрумен негізделінді. Бірақ, бұл кезең республикадағы әлеуметтік-экономикалык жағдайдың нашарлап кетуіне байланысты кәспкерліктің дамуына кайшы факторлардың пайда болуымен сипатталынады. Яғни, шағын кәсіпкерліктің барлық жеңілдіктері алынып тасталынды, Республикалық қор кәсіпкерлікті қолдау мүмкіншілігінен айырылды, әртүрлі басқарушы органдар тарапынан күштеулер көрсетіле басталды. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін әр түрлі алымдар тағайындалынды, барлық кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне лицензиялар енгізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы