Түркістан облысының тұрғындарына дәстүрлі өнер мен мәдениттің алтын азынасына айналған ұлттық киімдер туралы толығырақ ақпарат беруді жөн санадық.
Сонау көшпелі заманның салт-дәстүрімен жалғанып келе жатқан қолөнердің аса бай қазынасының бірі – қазақтың ұлттық киімдері. Оның ішінде әсіресе бас киімдер өте ертеден күні бүгінге дейін өзінің әсемділігімен ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай адамзатпен бірге замана белестеріне сай кәдеге жарап келеді. Жыл мерзімдеріне сай арнайы жасалған түрлері, ерлерге, әйелдерге, балаларға арналған және тағы да басқа жас ерекшеліктеріне қарай бөлінетін түрлері көптеп кездеседі. Күнделікті киіп жүруге лайықталған бас киімдер ыңғайлы, қарапайым етіп тігілсе, сән-салтанат, жиын тойларға арналған түрлері одан күрделірек сәнді етіп, әсемдік талғаммен әшекейленген. Ер адамдардың бұрынғы уақыттан келе жатқан дәстүрлі бас киімі – бөрік. Оның тігілу тәсіліне қарай және қолданған терінің түріне қарай құндыз, сусар, жанат, елтірі бөрік деп атайды. Бөріктің төбесі алты сай, төрт сай болып келеді.
Тақия да ерлердің жеңіл бас киімі. Оның да түрлері өте көп.
Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияға теңге, моншақ, тана тағылмайды. Оның есесіне «мүйіз», «ат ерік», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді. Ерлердің қыстық бас киімдерінің бірі – тымақ. Тымақты көбінесе түлкінің терісінен тігетін болған. Ол киюге өте ыңғайлы әрі жылы. Оны құндыз, бұлғын, қасқыр, қарсақ, сусар, түлкі, суырт т.б. аңның терісінен, құлын мен бұзаудың, қозы мен лақтың да терісінен тігеді. Артқы жағы желкеге суық тимеу үшін ұзынырақ етіп тігіледі. Оны көбінесе шопандар, малшылар, аңшылар киген. Жауын-шашыннан қорғау үшін төбесі шошақ етіп тігілск, күннің ыстығынан сақтау үшін жеңіл матадан тігілген. Қыста суықтан қорғау үшін тігілгеннің төбесі тақия сияқты дөңгелек етіп жасалған. Аңшылар қыста аңға шығар алдында ақ матадан тігілген күлпәра киген. Жазда жасыл, күзде сары түрлерін киген. Қазақтың сұлу да сымбатты қыз-келіншектері киген тақия, сәукеле, қасаба, кимешек, бөрік, жаулық, қарақара, күңдік орамал, шәлінің түрлері көп-ақ. Қыздардың тақиясы кішкене кезінен киетін ұлттық киімдердің бірі болған. Тақияның тігілуі де қиын емес. Тақия алтын, күміс теңгелерден және моншақ таналардан, құлпырма тастардан жасалған әшекей тағылады. Тақияның мұндай түрлерін жиын-тойларға баратын қыздар киген. Күнделікті тұрмысқа ыңғайлы қарапайым етіп тігілген. Отыздан асқан келіншек тақияны кимешектің сыртынан киген.
Қасаба-қыздар киетін әдемі бас киім. Ол тақия өте ұқсас, бірақ артында ұзын құлақшыны болады. Артқы құлақшынды жиектеп ұсақ моншақ тағады. Сәнді-салтанат жиын-тойға киетін түрі өте сәнді, әрі әшекейі мол болады. Құндыз терісімен жиектелген қыздардың бөркі «Кәмшат бөрік»деп аталады. Алтынмен кестелгені «Алтын бөрік», маржандалғаны «Қалмаржан бөрік» деп аталады. Бөріктің төбесі қыжым, күліш, мәуіті, жібек, шибарқыт сияқты маталардан тігіліп ұсақ моншақпен әшекейленеді.
Жаулық – әйелдердің бас киімінің бір түрі. Оны ақ түсті матадан немесе ақ жібектен тігеді. Жаулықты кимешектің сыртынан тартады. Оны тарту тәсіліне қарай күндік немесе қарақара деп атайды. Бойының аласа биігіне қарай қарақараны әйеледер нәзік талғаммен жасап алып отырған. Күндік бетке көлеңке түсіріп тұрады. Ол күнге қарсы жүргенде ыңғайлы.
Кимешек-ақ түсті матадан жасалып төбесі, алды және арты деген бөліктерден құралады. Кимешекті: қызыл жақ, сары жақ, ақ жақ деп үшке бөледі. Ақ жақты қарт әжелер, қызыл жақты жас келіншектер, сары жақты бойжеткендер киеді.
Шәлі-жібек жіпті торғын тектес үлпілдек жұмсақ матадан жасалады. Шәлінің ою-өрнек сызылған, гүл шоқтарымен безендірілген өңдері болады. Қыстық жүн шәліліре түбіт, түйе жүнінен үлпілдек етіп тоқылып, басқадай да суық өтпейтін маталардан жасалып, шеттеріне шашақ төгіледі.
Қазақ киімдерінің түрі, үлгісі көп. Кейбіреулерінің сырт көріністері мен атауларына өзіміздің қазақ ағайындардың киімдеріне ұқсас болған,біздің киімдеріміздің пішіндері мен нақыштары өзгеше таза ұлттық нұсқалы.
Қазақ киімдері күнделікті тұрмыстық және салтанаттық сәнді деп екіге белуге болады. Жалпы алғанда қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді. Қазіргі өрнекті заманда ұлттық нышандарымызды айқындай түсетін егемендігімізге де, жастарымызға да күнбе-күн думандарда киіп жүруге әбден жарасымды. Ер адамдардардың сырт киімдері Аба-киім сыртынан киетін жамылғыш камзол-жеңілсіз жаздық киім.
Шалбар – қой терісінен тігілетін, балағы аяқ басына жететін, бұтқа киетін киім.
Қазақтың арасында былғарыдан ең көп тігілетін киімнің бірі етік болғандықтан, былғарыны өңдеу мен айналысатын шеберлерді етікші дейді.
Халық арасына көп тараған былғары аяқ киімдердің қазақ атауында мынадай түрлері бар.
Саптама-қонышы ұзын, кең, киіз байпақ пен шалбардың балағын ішіне салып киетін аласа өкшелі етік. Оның ішкі табанына ұлтарақ салып және байпақтың ішіне қалың шұлғау орайды. Саптамалардың қонышы бітеу қусырылады да тізеден асыңқырап тұрады. Такымға қарайтын жағы әнтек төмен ойылып келеді, оны қыстыгүні алыс сапарға шыққанда, жылқы баққанда, шанамен жол жүргенде киеді.
Шоңқойма – саптаманың бір түрі. Оның өкшесі биігірек, өкше сірісі аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден аспайды. Кеңдігі саптаманың кеңдігіндей. Қонышы екі жанынан жарамланып тігілген. Көмкерме байпақ, шұлғаумен киеді. Шоңқойманы сәнге кию үшін, әдемілеп, өкшелігін, оймасын кестемен өрнектеп тігеді.
Кебіс пен мәсінің де ыңғайлы да әдемі алуан түрлері тігіледі. Қазіргі етіктер қисық табан үлгісімен екі аяққа екі қалып салу әдісімен тігіледі. Кебіс көбінесе былғарының сауырларынан тігіліп, қалыпқа қатырылады.
Кебіс атаулары да сауыр, шықшима, жезөкше, қазық, өкше, үшкір бас деген сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді.
Мәсінің ұлтаны жалаң қабат болады. Ал өкшелігі бір қабат қана оюлап жапсырған былғарыдан жасалады, оны мәсінің күлшіні дейді. Мәсілерді көк, қызыл шегірендерден оюлап, әр түсті жіппен кестелейді. Мәсіні тек не кебіспен, не етіктің ішінен киеді.
Етік, кебіс тігу адамдардың жастарына қарай арнаулы қалыптарға қарай тігіледі. Мәсіні көбінесе әйелдер киетін. Мәсіні әрі жұқа, әрі жұмсақ былғарыдан тігеді.
Қазақ қолөнерінде бұлғарыдан жасалатын бұйымдар өте көп. Жоңғы етік, мәсі, башпақ, сандал, киіз етік, резинке табанды балалардың неше түрлі аяқ киімдері жасалады. Халық шеберлері бұларды өздері пішіп, өздері тігеді.
Ата-бабамыздан мұра болып қалған өнер түрлерін сактау керек. Халық мұрасын қастерлеу, болашақтың ісі. Халық мұрасын жақсы түсінген адам, рухани бай адам. Әрбір дәуірде халық мұрасы өзінше дамып,өрістейді. Халық мұралары заманға байланысты өзгеріп, дамып, жаңарып отырады.
Қорытындылай келе, Революцияға дейінгі қазақтардың қол өнері, шаруашылықтың негізгі түрлері болған егіншілік пен мал өсірушіліктің түбегейлі түрде өз алдына дербес болып бөліну процесі аяқталмаған еді. Олардың көбінде арнайы шеберханалар жұмыс істейтін орындары болмады. Көбі үйлерінде істеп, қолөнер дамытты.
Осы қарастырылып отырған қолөнердің әртүрлі белгілері, әдіс-тәсілдері, белгілі бір дәрежеде өзіндік ерекшеліктерімен айқындалды. Сондай-ақ ежелден қалыптасқан өнер дәстүріне-салтына және шикізатқа да байланысты болып келеді. Алдыңғы жақта айтып өттік, безендіру жағында да ерекшеліктер бар деп. Мысалы: Қазақстанның Оңтүстігінде ағаштан жасалатын бұымдардың бетін безендіру өзгеше. Мынадай түрлері боямен сәндеу, оюлау. Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда сүйектен, күмістен, асыл тастармен, түсті металдармен әсемдеу кездеседі. Бұндағы олардың өзіндік ерекшеліктері.
Қазақстанның Батысында ағаш түрлері аз болғандықтан олар көбіне бояуды қолданған. Үй бұйымдарында көбінесе бедерлі ою ойылған. Әрбір жердің өзіңдік ағаштан жасалатын заттарында өзгешеліктер болған. Ол әсіресе ою-өрнек мотивтеріне байланысты. Ершілерде де өзіндік ерекшеліктері болды. Зергер, шеберлердің де бір-біріне айырмашылығы, өзгешіліктері көп. Біреуінің іскерлігіне байланысты болса, біреуінің қолданған бұйым-заттарына байланысты ерекшелігі.
Қорытындылай келе айтсақ, қазақ киімдері қазіргі уақытқа, заманға сай жаңа әдіс-тәсілдермен тігіліп, өзіндік бұрынғы сюжеттік элементтерін ұмытпау керек. Қазіргі уақытта зерттеу барысында қазақ киімдерінің қорлары молаюда. Әртүрлі модалық киім тігу үйлері ашылып, шетелдерге экспортқа шығуда.
Қай қоғамда болмасын киім тәсілі, жолдары ерекше орын ала бермек, күнде өзгеріс болып жатқан дәстүрімізді, тарихи байлығымызды қадірлей білуіміз керек.
Бүгінгі мен кешегімізді қастерлеу – қоғамның парызы. Сол қоғамды дамытушы адам. Жас ұрпақ ертеңгі қоғам иесі. Қоғам иелері қазақ халқының өмір тіршілігін қазіргі уақытқа сәнді, мәдениетті етуге тырысуда.
Ұлттық мәдениетімізді, ұлттық киімдерімізді, қолданбалы сәндік қолөнермен танытуда.