ТҮРКІСТАН: АСАР – АСЫЛ САЛТ

225 көрілім

Діні мен дәстүрін сабақтастырып, әлмисақтан бері мұсылман болған қазақ халқы да өзара жәрдемдесіп, жақсылық жасауда иық тіресіп бірлесе көптеген шараларды атқарған. Олардың бастыларының бірі – асар болып табылады.

Асар – халықтың, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытып, ауқымды да күрделі ауыр жұмыстарды бірлесе отырып орындау. Мысалы: баспана салу, қой қырқу, киіз басу, егін ору, шөп шабу, қора салу, соғым сою, көмір түсіру, отын әкелу, тай таңбалау тағы басқа қауырт жұмыстарды көпшілікпен жұмыла атқару – асарға жатады.

Ата-бабамыз қоғамдық қызметтердің маңыздылығын өте жақсы түйсінген. Жеке басының қамын күйттеудің орнына, халық пайдаланатын қоғамдық шараларды жүзеге асыруға күш салған. Алла Тағала адамдардың бір қоғам ішінде өмір сүруін қалайды, әрі оларды бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Ақыретке толық иман келтірген мұсылман, амал дәптерін жақсылықтармен, ізгі амалдармен толтыру үшін өмірінің әрбір сәтін жемісті өткізуге күш салуы тиіс.

Нарық заманында бір-біріне ақысыз көмектесу деген күлкілі нәрсе сияқты болып бара жатқаны рас. Дегенмен бізде игі дәстүр бар, ол – асар. Яғни, көпшіліктің көмегін пайдаланып шөп шабу, егін жинау науқандарына, сондай-ақ үй салу сияқты ауыр жұмыста бірлесе көмек қолын созу. Халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады. Бұл дәстүр қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түркімен халықтарына ортақ, өте ертеде пайда болған…

Міне, осы дәстүр елімізде қайта жанданды. Бұл қазақ­тың мәрттігін ғана емес, бауырмалдығын, көпшілдігін білдіреді. Ақпан айындағы бес бүлдіршіннің ажалы серпін беріп, осы ата дәстүрді қайта жаңғыртуға септігін тигізгені ақиқат! Мұндай дәстүрді жалғастарған адамдар, оны тек жұмысты бітіру тұрғысынан ғана емес, туған-туыс, дос-жаранмен бір уақыт кездесу, сырласу мақсатында қолданған. Тіршілік қамымен жүріп бастары қосыла бермейтін ағайын асарда кезігіп мәре-сәре боп қалған. Екіншіден, бітпей тұрған іргелі шаруа бастаған туыстың да жұмысы бітіп, жеңілдей түскен. Асарға келген адамдар ақы алмаған. Оларға арнап үй иесі бір қойын сойып, қазан асып, дастархан жайған. Қазақтың «көп түкірсе – көл», «жұмыла көтерген жүк жеңіл», деген аталы сөздері де осы асармен байланысты болса керек. Сонымен қатар, асарға атсалысушылардың қай саланың маманы, жұмысқа қатысушылардың жас шамасы, күш қуаты, тұрғысынан жұмысқа жарамдылығы да ескерілген. Мысалы, дәстүр бойынша қоғамдық харекетке қатысатын ер адам жасы 16 жастан төмен, 60 жастан жоғары болмаған.

Иә, қазір ғылым мен технологияның дамыған заманында асарлатқан ағайынды көп кездестіре бермейміз. БАҚ-тан немесе әлеуметтік желілерден бірен-саран есітіп, көріп жатамыз. Заман өзгерді. Уақыт талабы басқаша. Қайда барсақ та уақытын жеткізе алмай, мұрнынан шаншылып жүрген азаматтарды көреміз. Өзгенің асарына бармақ түгілі, өзінің жұмысын бітіре алмай әуре болып жүр. Үй құрылысын бастағандар да көпшілікті асарға шақырғанша, ақысын төлеп жауапты маманға тапсыра салғанды жөн көреді.

Тарихи деректерге қарай бұрынғы асарларға зер салатын болсақ, асарға қатысудың өзі үлкен мәдениет екені байқалады. Бұл тәрбиенің басқаша бір белесі, туыстық қатынастардың өзгеше бастау-бұлағы сияқты әсер қалдырады.

Жалпы алғанда асардың пайдасы көп. Асар адамды керемет жақындастырған. Арасында әзілдесіп қойып, еске түскен естеліктерді ортаға салып, ойнап-күліп жүріп жұмыс істеген адамдар жақын дос болып қалған. Жұмыс кезінде қоғамдағы түрлі әзілдер, ғибратты әңгімелер айтылған. Ал құрдастармен асарлатқандар бала кездегі қызықтар, естеліктер әңгімеге арқау болған. Әңгімелесіп, әзілдесіп жүріп жұмысты қалай аяқтап тастағандарын білмей де қалған.

Асар иесінің ақ дастархан жайып, оның басында айтылған ғибратты әңгімелердің жөні бөлек болған. Үлкен абыз ақсақалдар тарапынан қоғамда қордаланып жатқан түйіткілді мәселелермен қатар тарихтан, шежіреден, жыр дастандардан сөз қозғалып, жастарды өзара жәрдемдесуге, ағайын-туыспен араласуға жол көрсеткен.

Асар жасаған адам үшін қай жағынан болса да пайдалы. Қаражатын үнемдейді, жұмысы жүреді. Ал асарға келген адам Құран мен хадисте айтылғандарға амал жасап сауап алады, қимылдап, тер шығарып, бір жасап қалады. Танымаған адамдармен танысады, әңгімелесіп, емін-еркін таза ауада жүріп қайтады. Бұл – қаланың адамы үшін кәдімгі демалыс. Мешіт- медресе салу, қазіргі таңда қорғашан ортаны қорғау үшін сенбіліктерге қатысу күні бойы компьютерге қарап, арасында демалғанда ұялы телефонға шұқшиып, қамалып отыратын адам үшін бұның пайдасы көп.

Олай болса ақырет күнінде амал дәптеріміздің жақсылықтармен, ізгі амалдармен толы болуын және оның жемісін жеуді армандасақ асар дәстүрімізге бей-жай қарамауымыз керек. Республикалық көлемде ұйымдастырылып жатқан асарларға, аймақтық, қалалық, аудандық, ауылдық, ағайын-туыстық, мешіт жамағатының ұйымдастарып жатқан асарларына қолымыздан келгенше қатысып, дінімізбен біте қайнасқан асар дәстүрін қайта жаңғыртқанымыз жөн болады.

Расында, асардың мәні мен маңызы орасан. Оны ескі дәстүрге айналдырып, өткен күннің көлеңкесінде қалдырмай, заманауи игіліктерді асар арқылы пайдаға асыру – ең ұтымды шешім болар еді. 

Қазақтың ұлттық түп-тамырымен терең байланысқан, ежелден еншімізге тиген салт пен дәстүр көп-ақ. Өкінішке қарай, біраз дәстүріміз ескірді, ал біразы тіпті ұмытылып та қалды.  Қазіргі уақытта аңшылыққа байланысты – “сыралғы”, жаңа босанған әйелге қатысты –”көтендестіру”, үйлену тойына қатысты – “аушадияр”, құдаласуды негіз еткен “біз шанышар” сияқты салт-дәстүрлер қазір атала да, орындала да бермейді.  

Асар секілді дәстүрді ауыл адамдары кәдеге жаратып, оны тек жұмысты бітіру тұрғысынан ғана емес, туған-туыс, дос-жаранмен бір уақыт кездесу, сырласу мақсатында қолданған. Тіршілік қамымен жүріп бастары қосыла бермейтін ағайын асарда кезігіп мәре-сәре боп қалады. Екіншіден, не үй, не әлдебір іргелі шаруа бастаған туыстың да жұмысы бітіп, жеңілдей түседі. Әлбетте, асарға келген адам ақша алмайды. Оларға арнап үй иесі бір қойын сойып, қазан асып, дастархан жаяды. Қазақтың “көп түкірсе – көл” деген аталы сөзі де осы асармен байланысты. 

Шыны керек, қазір асарлатқан ағайынды көп кездестіре бермейміз. Оның себебі де алуан түрлі. Заман өзгерді. Уақыт талабы басқаша өрілді. Қайда барсақ та уақытын жеткізе алмай, мұрнынан шаншылып жүрген азаматтарды көп көреміз. Өзгенің асарына бармақ түгілі, өзінің жұмысын бітіре алмай әуре болып жүр. Үй құрылысын бастағандар да көпшілікті асарға шақырғанша, ақысын төлеп жауапты маманға тапсыра салғанды жөн көреді. Ол уақыт жағынан да тиімді. Үй салу сияқты ірі істер емес, есік алдындағы майда-шүйде жұмыстардың өзін қазір арнайы мамандар атқара салады. “Ақысын төлесең, боқысын шығарамын” деп әлекедей жаланған жалдамалы жұмысшылар көп. Біз де сондайларға өтініш айтуды әбден үйреніп алдық. Біреуінің бағасын қымбатсынсақ, іздеп жүріп одан арзанын да тауып аламыз. Осылайша, таныстардың басын асарда қосу дәстүрі өздігінен ұмытыла бастады. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы