- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Келес ауданында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл, Келес ауданының қайта құрылғанына 5 жыл, сондай-ақ «Келес» халық театрына 45 жыл толуына орай халықтық театрлар арасынан өткен облыстық фестиваль қорытындыланып, өз мәресіне жетті. Түркістан облысындағы он бір халықтық театры қатысқан фестивальде театрдың алғаш кірпішін қалаған, өнер саласына еңбегі сіңген ардагерлер қызыл жолақпен сахна төріне шақыртылды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға Келес ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Даурен Сариев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев қатысып, көпшіліктің көзайымына айналған театр ұжымдарына арнайы сыйлықтарымен аудан әкімінің жүлдесін табыстады.
Байқауға Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері, «Құрмет» орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет, Түркістан музыкалық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Әлімхан Мырзахан, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының директор орынбасары, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылым магистрі, оқытушы Алмас Шымалиев, Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім жетекшісі Асылхан Темірхан, Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының режиссеры Рабия Бейсебаева төрелік етті.
Қазылар алқасының шешімімен Отырар ауданынан келген «Отырар» халық театры бас жүлдені иемденсе, бірінші орынға «Созақ» халық театры лайық деп танылды. Ал екінші орынды жергілікті «Келес» халық театры мен Ордабасы ауданынан келген «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер театры алса, жүлделі үшінші орын Түлкібас ауданынан келген «Мақталы» халық театрына бұйырды. Сонымен қатар Келес ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Ордабасы ауданынан келген «Темірлан» халық театры марапатталды. Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының арнайы жүлдесі Қазығұрт ауданынан келген «Қазығұрт» халық театрына бұйырды. «Үздік актер» номинациясымен Отырар ауданынан Мұхаммеджан Нәлмішов, «Үздік актриса» номинациясымен Созақ ауданынан Мархаббат Бейсенова, «Үздік декарация» номинациясымен Ордабасы ауданынан «Жастар» театры марапатталды.
Айта кетейік, 5-8 желтоқсан аралығында Келес халқы мен аудан қонақтарына таңғажайып театр думанын сыйлаған өнер мерекесін Келес ауданы әкімдігі мен «Келес» халық театры ұйымдастырды. Бұған дейін Түркістанда Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтың 85 жылдығына орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен бастау алған «RAIYMBEK» I Республикалық театр фестивалі өткен болатын. Бекітілген кестеге сәйкес өзге де қатысушы театр ұжымдары ертең де сынға түспек. Оларға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры, өнертану докторы, қазылар алқасының төрайымы Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейтметов Азат Райымбекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сраилов Бахыт Бекмурзаұлы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультетінің деканы, өнертану кандидаты, профессор Жақсылықова Меруерт Болатханқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейітмамытов Балтабай Сейітмамытұлы төрелік еткен еді.
Түркістан музыкалық драма театрында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры қырғыздың «Жәмилә» лирикалық драмасын, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының (Жетісай) «Тастамашы анашым» драмасын және Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры «Медея/ Филоктет» трагедиясын сахналады. Оларға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры, өнертану докторы, қазылар алқасының төрайымы Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейтметов Азат Райымбекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сраилов Бахыт Бекмурзаұлы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультетінің деканы, өнертану кандидаты, профессор Жақсылықова Меруерт Болатханқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейітмамытов Балтабай Сейітмамытұлы төрелік етіп жатыр. Күні ертең дәл осы театрда фестивальдің соңғы спектаклі сахналанған еді. Фестиваль барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Мөлдір Оңдасынова ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің құттықтау хатын оқып, табыстады. Сондай-ақ Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова сөз алып, біртуар азамат жайлы және соның атында өткізілген фестиваль туралы пікірін білдірді.
4 күнге созылған тартысты өнер додасына облыстағы беделді театр ұжымы бақ сынады.