БЕСЖЫЛДЫҚТЫҢ БЕЛЕСІ БАҒЫНДЫРЫЛДЫ

469 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында киелі шаһардағы 11 айда атқарылған жұмыстар бойынша журналистермен кездесу өткізді. Түркістан қаласының соңғы бес жылда дамуы өте қарқынды жүзеге асты. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы, мәдени-рухани орталықтың негізі қаланды. Қаламыздың туристік маңызын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.

АЛТЫ СЕКТОРДЫҢ АЙШЫҚТЫ АСУЛАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше. Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүгізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азамат-тардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды. Алайда, нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформа-лармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономика-лық реформаға ұштастыру қажет»,-деген болатын.

Міне осыған орай, Түркістан қаласында тұрғындармен қарым-қатынасты жүйелі жүргізу үшін көптеген маңызды шараларды жүзеге асырды. Қазіргі таңда қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Халықтық Кеңседе 2023 жылдың 11 айында жалпы қызмет алған адамдар саны – 66 394-ке жеткізілді. Оның ішінде 7 450 азаматқа мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер берілді. 58 994 азамат «өзіне өзі қызмет алу бұрышына» келушілер. Сонымен қатар, басқаруға оңтайлы болу үшін қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.

Бұған қоса қала әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды. 10 айдың қорытындысымен Е-өтініш ақпараттық жүйесіне 4 276 өтініш қабылданған. ИИС ЦОН арқылы – 4 896 қызмет көрсетілген.

«1310» Бірыңғай байланыс орталығына шілде айынан бері тұрғындардан қоңырау қабылдауды бастады. Бүгінге дейін 5 502 қоңырау түсіп, оның 98,9% шешімі табылды 58 өтініш жұмыс жалғасын табуда. Жыл басынан бері қала әкімі тұрғындармен 6 сектор бойынша 102 кездесу өткізген. Нәтижесінде 11 айда 1078 мәселе көтеріліп, оның 1008-і орындалды. Өзге мәселелер қаржы талап етуіне байланысты, қаланың даму жоспарына енгізіліп, жүйелі түрде атқарылатын болады. Бұл бойынша сектор тарапынан түсіндіру шаралары жүргізілуде.

-Қаңтар-қараша айларында 196 азамат мәселелерімен жеке қабылдауыма келіп, өтініштерін жеткізді. Көтерілген сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үйге қатысты. Әлеуметтік сала, инфрақұрылым, жол және қоғамдық көлік, жер саласына байланысты да сауалдар туындап, сараланды. Қабылдау қорытындысымен 253 тапсырма беріліп, 249 орындалды», – дейді қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы.

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР САНЫ 60 МЫҢҒА ҰЛҒАЙДЫ

Түркі әлемінің түп төркіні саналатын Түркістанға келіп тұрақтап қалушылар мен туристік сапармен келушілер саны күн санап көбейе түсуде. Осыған орай, қала әкімдігі тарапынан да тұрғындардың сұранысын барынша сапалы қанағаттандыру сұралады. Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 165,4 мың адамнан 225,6 мыңға адамға жетті. Қаладағы кешенді жоспарлар Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі «Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» № 762 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

2023 жылдың 10 айдағы қорытындысымен Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 745,4 мың адамға жетті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5% өсті. Сонымен қатар, 2023 жылы қаңтар-қазан айларында шетелдік туристер саны 11,2 мың адамға жетті. Яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 51,7% өсті. 2022 жылы осы кезеңде 5,4 мың адам болатын. Ағымдағы жылы қаңтар-қазан айларында орналастыру орындарының саны 58 бірлікті құрады.

Ағымдағы жылы бюджет есебінен 66 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 59 үйін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, жеке инвестиция есебінен 46 үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, Түркістан қаласын одан әрі дамыту мақсатында жаңадан салынатын 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үйдің, яғни 56,4 мың шаршы метр құрылысы облигация есебінен басталып, нәтижесінде халық игілігіне 220 мың теңгеден несиеге берілетін болады.

Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 197 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр. Олардың ішінде әлсіз топқа кіретіндер – 6135, көп балалы отбасы – 4662, бюджеттік қызметкер – 5198, тұл жетім – 200 және жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар саны екеу болып отыр.

2022 жылдың қорытындысымен 3 155 пәтерді құрайтын 49 үй пайдалануға берілді. Оның ішінде ипотекамен – 2683 пәтер, көп балалы отбасыларға – 544 пәтер, әлсіз топқа кіретіндерге – 244 пәтер берілді. Сонымен қатар, кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 187 пәтерлерді сатып алуға 1,8 млрд.теңге қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ ӘЛДЕНУДЕ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс. Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар. Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану»,-деді. Осыған орай, қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2023 жылдың 11 ай қорытындысымен 3 248 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 5 973 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді. Екі Ұлы отан соғыс ардагерлеріне, 416 соғыс ардагеріне теңестірілгендерге, 369 тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. 5 839 астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетілуде. Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың 11 айында 2 725 адамға қызмет көрсетілді. Одан бөлек аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және аналарды қиын өмірлік жағдайлардан ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы Жанұя «Қамқорлық» орталығы іске қосылып, 2 568 қызметтер мен 1 858 кеңестер ұсынылды. Бүгінде «ҚАДАМ» білім беру жобасы арқылы 275 азаматшалар білім алуда және 112 азаматша оқу курстарын аяқтады. Ал, «НӘТИЖЕ» әлеуметтік жобасы арқылы 115 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, 118 тұрғын өз кәсібін ашып, табысқа шықты. Сонымен қатар, «ҚОЛДАУ» қайырымдылық жобасы арқылы 6 қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан 65 отбасыға қолдау көрсетіліп, жалпы 298 адам қамтылды. Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бұл бағытта 2023 жылдың 11 айда біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жетті. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде «Еңбек» бағыты бойынша 6 778 азамат жоспарланса, осы жылдың 11 ай қорытындысымен 7 171 азамат белсенді шараларға тартылды. Атап айтсақ, 4 166 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ, 629 жас түлек «Жастар практикасымен», 118 жас – алғашқы жұмыс орындарымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылса, 1 242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына комиссия шешімімен қайтарымсыз грант қаражаттары берілді. 39 азамат мемлекет тарапынан өз кәсібін ашу үшін шағын несие иегері атанды.

ҚУАТ КӨЗДЕРІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Жаңартылатын энергетика жобаларын жүзеге асыру да жалғасады. Су электр станцияларын дамыту мәселесі назардан тыс қалмайды. Электр қуатымен, жылумен және сумен қамтамасыз ету – технологиялық тұрғыдан алғанда тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Оған экономиканың аса маңызды жеке саласы ретінде қараған абзал. Осы салаға қатысты қазіргі ұстаным негізінен өзектілігін жоғалтты. Енді жаңа шешімдер керек»,-деген болатын.

Осыған орай, қазіргі таңда Түркістан қаласында 42 240 абонент ішінде ауыз сумен 41 775 абонент, яғни 98,9% қамтамасыз етілген. 2023 жылы 4 нысанның құрылысы толық аяқталып, абоненттік қосылымдар жүруде. Олар Мақтазауыт, 1-2 м/а, Яссы және Шауғар, жаңадан қоныстанған аумақтар, Яссы Шауғар – 10 178 абонент тартылады. 2023 жылдың 4-тоқсанында 1 нысанның құрылыс жұмыстары «Сельмаг» су қоймасын салу басталды. Нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен ауыз сумен қамту деңгейі 99,5 пайызға жеткізу көзделуде.

Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе 13 601 абонент қамтылған. Түркістан қаласында сарқынды су желісі – 127,25 шақырым болса, оның ішінде – магистральдық – 39 шақырым, көшедегілер желісі – 40 шақырым, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 шақырымды құрайды. Түркістан қаласында – 27 кәріздің сорғы станциясы және сарқынды су тазалау ғимараты кәріздің тазалау станциясы жұмыс істейді. Оның қуаттылығы 20000 м³/тәул. Қалада – 38220 абоненттің 12 297 ішінде 17 кәріздің сорғы станциясы мен кәріздің тазалау станциясы 2014 жылы іске қосылған. Сарқынды су тазалау абоненті сарқынды су желісіне қосылған – 32,2 % құрайды. Оның ғимараты кәріздік тазалау станциясы тәулігіне 4,5 – 5 мың текше метр кәріз суын тазартуда. Сарқынды су тазалау имаратында кәріздік тазалау станциясы биотазалау ғимаратын толық жұмыс атқару үшін тәулігіне кемінде 10 мың текше метр кәріз суы келуі қажет. 10 мың текше метр су тазалау ғимаратына кәріз суының келмеу себебі қала аумағы кварталішілік абоненттік желімен қамтамасыз етілмеген. Жүргізілген сарқынды су желілерінің басым бөлігі магистралдық құбырлар. Осыған орай, қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 18 жоба іске асыру көзделген. Қазіргі таңда 11 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 3 нысан 2023 жылдың соңына пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар 5 нысан республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Ал 2 нысанның Бекзат пен Қызылорда- Сауран аумағындағы құрылыстың жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95%, ал 2023 жылдың соңына дейін 36,3% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады.

КИЕЛІ ШАҺАР 100 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҚ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ

Киелі шаһар тұрғындары облыс орталығы мәртебесін алғанға дейін қысқы жылу беру маусымында көк түтінге шашалып, жеке үйлердің маңында тұнып қалатын. Қазір міне арада өткен бес жылда Түркістан түгелдей көмір жағудан арылып, табиғи газға қосылғалы қала көк түтіннен арылды. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 032 абонент немесе қала тұрғындарының 98,0% дербес шот ашып пайдалануда. Газ құбырына қосылмаған 798 абонент (2,0%) бойынша ішкі монтаж жұмыстарын атқаратын мердігер мекемелермен бөліп төлеу бойынша ұсыныстар жолдануда. Ал, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табиғи газ желісіне қосылуға демеушілер ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Одан бөлек, Отырар мөлтек ауданында 5 қабатты 36 тұрғын үйді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласында 42 240 электр абонентінің 36 669 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. 2022-2023 жылдарда жалпы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4 нысан пайдалануға тапсырылды. Ал 2 нысанның құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бір нысан құрылысы келесі жылға өтпелі. Нәтижесінде қосымша 13566 астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. 2 нысан қаржыландыруға ұсынылды. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтуды 84,9%-дан 98,5% жеткізу жоспарлануда. Одан бөлек, қала аумағында 1446,7 шқ. электр желісі, 1308 трансформатор бар. Қазіргі таңда электр желілерінің 1360 шқ (қалғаны 87 шқ) мен 1 270 дана трансформаторлар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өткізу жұмыстары жүргізілді.

Келесі мәселе – қаланы жылумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда, 14 қазандықтан жалпы орталықтан-дырылған жылумен қамтылған нысан саны – 347. Оның ішінде, орталықтандырылған көпқабатты тұрғын үй саны – 199 (жалпы көпқабатты тұрғын саны – 313, ал 114 тұрғын үй дербес жылу орталығы-мен қамтылған. Ал, 148 әлеуметтік нысан, жеке және заңды тұлғалар орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуде. Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен құбырларды кезең-кезеңімен ауыстыру қажеттілігімен бір нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу құбырларының тозу деңгейі шамамен 79 пайыздан 30 пайызға төмендеді. 2023 жылы тозығы жеткен 3,7 шақырым жылу құбырына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, облысқа ұсынылды. Жоба іске асқан жағдайда құбырлардың тозу деңгейі 30 пайыздан 10 пайызға төмендейді.2022 жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 316,1 шақырым. (37,4 %) құраған болатын. 2023 жылдың 11 айдың қорытындысымен 845 шақырым құрайтын жолдың 383,9 (45,4%) асфальт жол, 461,1 (54,6%) шақырым құрайтын қанағатты жағдайда жолдары бар.2021 жылы 4 нысанның құрылысы бастау алған. Олар, Ә.Жангелдин көшесі, І.Қожабаев көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі. Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол (тротуар), веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпір салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталуда.

ҚАЛА МӘДЕНИЕТІ ҚАҚПАДАН БАСТАЛАДЫ

Қала мәдениеті қақпадан басталады десек, соңғы жылдары Түркістан шаһарында көптеген халықаралық, республикалық мәдени спорттық шаралар өткізілуде. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің баяндауынша, Мемлекет Басшысының бастамасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебесін беру туралы заң жобасы әзірленіп, үкіметтің қарауына ұсынылды. Заң жобасы Түркістан қаласының бірегей тарихи, сәулеттік, мәдени мұрасы бар және Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде танудың негізі болып табылады. Қала аумағында туристік қызмет нысандарын, сондай-ақ, қолөнер өнерін салу, қайта жаңғырту кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қарастырылуда. Қала аумағында 2023 жылы ауқымды 73 мәдени іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты ақындар айтысы, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына байланысты салтанатты концерттік бағдарлама, қала күніне орай, «Түркістан-бақ мекенім» мерекелік концерттік бағдарлама жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы қалада ірі спорттық іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, әуесқой футбол лига ойындары, Б.Саттарханов атындағы бокстан республикалық турнир, «Turkistan Marathon-2023» Халықаралық марафон өткізілді. Сонымен қатар, 2023 жылы қазан айында 2050 орындық стадионның ашылу салтанаты өтті. Қала тұрғындары мен келушілердің және саяхатшылардың көңілінен шығу мақсатында шаһарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 50,3 шақырым құрайтын 47 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, толығымен аяқталды. 2023 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға, оның ішінде мектеп, балабақшаларға баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланып, жұмыстары толық аяқталды. Қала аумағында жалпы 224 аялдама қолданыста бар. Ағымдағы жылы 62 аялдаманың құрылыс жұмыстары аяқталды . Түркістан қаласында қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар болса, тұрғындарға «Жолаушы» ЖШС-і 16 қалаішілік бағытпен, «ТехПрофАвто» ЖШС-і 6 бағытпен қызмет көрсетеді. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Оның ішінде 164 дана сыйымдылығы жоғары автобустар және 56 дана шағын автобустар құрайды. Жылма жыл шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары заманауи автобустармен алмастыру сәтті жүзеге асырылуда. Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алғалы қалаға жаңа 119 автобус алынған. Осылайша жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 75%-ға жеткізілді. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген. 2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 123,1 шақырым құрайтын 93 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 55,4%-ға жетті. 2023 жылы қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 82,8%-ға жеткізу жоспарланып, 723 көшесі түнгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілді.

Түркістан қаласы айналасы бес жылда танымастай өзгерді. Күтіп-баптау жұмыстары жалпы 251 нысанда аумағы 524 гектар құрайды. Оның ішінде, 32 саябақ (318 га), 49 сквер, аллеялар (89 га), 56 көшелер (92 га), 16 жасыл алқаптар (127 га) бар. Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығында жыл бойы жүргізіледі. Жалпы қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандыру жұмысшыларымен бірге мердігер мекемелер тарапынан 2200 жұмысшы жұмыс атқарады. Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтармен аллеялардағы аяқ жолдарды және ағаштарды қардан тазартуға, сыпырумен жолақтарды жууға арналған т.б жұмыстар жүргізетін 211 үлкен-кіші техникалар жұмыс атқарады. Түркістан қаласы аумағын көгалдандыру мақсатында қаланың жасыл қорын көбейту, қайта құру және дамыту үшін ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта Түркістан қаласына күз мезгілінде жалпы 220 000 дана жапы-рақты, жемісті, бұталы ағаштар және гүлдер егілді.

Мемлекет басшысы Түркістандағы Ұлттық құрылтайда киелі шаһардың қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғалар жерленгенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін еске сала кетіп, бұл қаланы еліміздің рухани елорда мәртебесіне лайық екенін айтты. «Бұл Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз. Ал, біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы халқымен кездесу барысында. Міне, сондықтан да барша түркістандықтар киелі шаһарда тұрып жатқандығымен мақтанып қана қоймай, рухани және мәдени тұрғыда соған лайық дәрежеде қызмет етуі тиіс.

Ескендір ЕРТАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы