Түркістан облысында 26 мыңға жуық бала қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау алды.

246 көрілім
 Түркістан облысында қызылша аурушаңдығынан эпидемиологиялық жағдай күрделі. Жыл басынан бері 2731 күдікті жағдай  тіркеліп,  1139 (41,7%)  зертханалық дәлелденді. Оның ішінде 14-жасқа дейінгі балалар саны  981  (86,1 %)  құрап отыр. Атап айтқанда,  69 мектептен 115  оқушы,  68 балабақшадан  100 балабақша тәрбиеленушісі инфекция жұқтырған. 

Жастар құрамы бойынша дертке 4 жасқа дейінгі балалар жиі шалдықса, оның едәуір бөлігін 1 жасқа дейінгі, егу жасына жетпегендер құрайды. Қазіргі таңда 25466 бала қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау алды.
ҚР ДСМ БМСД-нің қолданыстағы қаулысына сәйкес, 6-қарашадан бастап облыста 6 айлық балалардан 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға қосымша жаппай иммундау жүргізілуде.
Бұл ретте 6 айлық балаларды қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға желтоқсан айынан бастап 2024 жылғы қаңтар айы аралығында жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін қызылшаға қарсы қарсы екпе алу өте маңызды.
Бүгінгі таңда барлық емдеу мекемелерінде вакцина жеткілікті. Қызылшаға қарсы вакцинаны жергілікті емдеу мекемелеріңізден алуға болады.
Ауа тамшылары арқылы жылдам тарағыш инфекцияның инкубациялық кезеңі 7 күннен 21 күнге дейін созылады. Суық тию белгілерімен басталып, дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі және ең басты көрінісі-денеде бөртпелердің пайда болуымен сиапатталады. Қызылша аурының белгілі бір емі жоқ, асқынған жағдайдарда өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, аурудың алдын алу үшін қызылшаға қарсы қарсы екпе алу керек. Бөлмені жиі желдету, санитариялық-гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, халық көп шоғырланған орындарға мейлінше бармауды, қоғамдық орындарда бетперде тағуды ұсынамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы