Қала мәдениеті қақпадан басталады десек, соңғы жылдары Түркістан шаһарында көптеген халықаралық, республикалық мәдени спорттық шаралар өткізілуде. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің баяндауынша, Мемлекет Басшысының бастамасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебесін беру туралы заң жобасы әзірленіп, үкіметтің қарауына ұсынылды. Заң жобасы Түркістан қаласының бірегей тарихи, сәулеттік, мәдени мұрасы бар және Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде танудың негізі болып табылады. Қала аумағында туристік қызмет нысандарын, сондай-ақ, қолөнер өнерін салу, қайта жаңғырту кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қарастырылуда. Қала аумағында 2023 жылы ауқымды 73 мәдени іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты ақындар айтысы, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына байланысты салтанатты концерттік бағдарлама, қала күніне орай, «Түркістан-бақ мекенім» мерекелік концерттік бағдарлама жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы қалада ірі спорттық іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, әуесқой футбол лига ойындары, Б.Саттарханов атындағы бокстан республикалық турнир, «Turkistan Marathon-2023» Халықаралық марафон өткізілді. Сонымен қатар, 2023 жылы қазан айында 2050 орындық стадионның ашылу салтанаты өтті. Қала тұрғындары мен келушілердің және саяхатшылардың көңілінен шығу мақсатында шаһарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 50,3 шақырым құрайтын 47 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, толығымен аяқталды. 2023 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға, оның ішінде мектеп, балабақшаларға баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланып, жұмыстары толық аяқталды. Қала аумағында жалпы 224 аялдама қолданыста бар. Ағымдағы жылы 62 аялдаманың құрылыс жұмыстары аяқталды . Түркістан қаласында қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар болса, тұрғындарға «Жолаушы» ЖШС-і 16 қалаішілік бағытпен, «ТехПрофАвто» ЖШС-і 6 бағытпен қызмет көрсетеді. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Оның ішінде 164 дана сыйымдылығы жоғары автобустар және 56 дана шағын автобустар құрайды. Жылма жыл шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары заманауи автобустармен алмастыру сәтті жүзеге асырылуда. Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алғалы қалаға жаңа 119 автобус алынған. Осылайша жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 75%-ға жеткізілді. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген. 2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 123,1 шақырым құрайтын 93 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 55,4%-ға жетті. 2023 жылы қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 82,8%-ға жеткізу жоспарланып, 723 көшесі түнгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілді.
Түркістан қаласы айналасы бес жылда танымастай өзгерді. Күтіп-баптау жұмыстары жалпы 251 нысанда аумағы 524 гектар құрайды. Оның ішінде, 32 саябақ (318 га), 49 сквер, аллеялар (89 га), 56 көшелер (92 га), 16 жасыл алқаптар (127 га) бар. Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығында жыл бойы жүргізіледі. Жалпы қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандыру жұмысшыларымен бірге мердігер мекемелер тарапынан 2200 жұмысшы жұмыс атқарады. Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтармен аллеялардағы аяқ жолдарды және ағаштарды қардан тазартуға, сыпырумен жолақтарды жууға арналған т.б жұмыстар жүргізетін 211 үлкен-кіші техникалар жұмыс атқарады. Түркістан қаласы аумағын көгалдандыру мақсатында қаланың жасыл қорын көбейту, қайта құру және дамыту үшін ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта Түркістан қаласына күз мезгілінде жалпы 220 000 дана жапы-рақты, жемісті, бұталы ағаштар және гүлдер егілді.
Мемлекет басшысы Түркістандағы Ұлттық құрылтайда киелі шаһардың қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғалар жерленгенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін еске сала кетіп, бұл қаланы еліміздің рухани елорда мәртебесіне лайық екенін айтты. «Бұл Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз. Ал, біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы халқымен кездесу барысында. Міне, сондықтан да барша түркістандықтар киелі шаһарда тұрып жатқандығымен мақтанып қана қоймай, рухани және мәдени тұрғыда соған лайық дәрежеде қызмет етуі тиіс.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс. Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар. Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану»,-деді. Осыған орай, қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2023 жылдың 11 ай қорытындысымен 3 248 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 5 973 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді. Екі Ұлы отан соғыс ардагерлеріне, 416 соғыс ардагеріне теңестірілгендерге, 369 тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. 5 839 астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетілуде. Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың 11 айында 2 725 адамға қызмет көрсетілді. Одан бөлек аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және аналарды қиын өмірлік жағдайлардан ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы Жанұя «Қамқорлық» орталығы іске қосылып, 2 568 қызметтер мен 1 858 кеңестер ұсынылды. Бүгінде «ҚАДАМ» білім беру жобасы арқылы 275 азаматшалар білім алуда және 112 азаматша оқу курстарын аяқтады. Ал, «НӘТИЖЕ» әлеуметтік жобасы арқылы 115 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, 118 тұрғын өз кәсібін ашып, табысқа шықты. Сонымен қатар, «ҚОЛДАУ» қайырымдылық жобасы арқылы 6 қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан 65 отбасыға қолдау көрсетіліп, жалпы 298 адам қамтылды. Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бұл бағытта 2023 жылдың 11 айда біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жетті. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде «Еңбек» бағыты бойынша 6 778 азамат жоспарланса, осы жылдың 11 ай қорытындысымен 7 171 азамат белсенді шараларға тартылды. Атап айтсақ, 4 166 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ, 629 жас түлек «Жастар практикасымен», 118 жас – алғашқы жұмыс орындарымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылса, 1 242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына комиссия шешімімен қайтарымсыз грант қаражаттары берілді. 39 азамат мемлекет тарапынан өз кәсібін ашу үшін шағын несие иегері атанды.
Ескендір ЕРТАЙ.