ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ҚАЛАНЫҢ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

560 көрілім

«Түркістан барлық түркі халықтары үшін қастерлі қара шаңырақ, құтты мекен және аңсарлы атажұрт. Бабаларымыз осы өңірде ғұлама ұстаз Қожа Ахмет Ясауиден діни білім алып, түркі ислам мәдениетін әлемге таратқаны белгілі». Бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті барысында айтқан сөзі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Ұлттық экономика құрылымына баса мән беріп, халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтып, жалпы қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруді көздеген еді. Мұның барлығы құрылыс саласымен, оның ішінде тұрғын үй мәселесемін байланысты екені де белгілі. Сондықтан да, ерекше лауазымға ие киелі мекеніміздің қазіргі таңдағы қарқынды даму жұмыстарымен таныс болайық.

Құрылыс саласы кез келген елдің экономикасында ерекше орын алатын, болашағы зор сала болып саналады. Қазақстанда да құрылыс саласының қарқынды дамып келе жатқанын күн санап көбейіп келе жатқан ғимараттардан байқау қиын емес. Құрылыс саласының дамуы құрылыс материалдар өндірісінің дамуына ықпал етеді. Ал еліміздегі құрылыс материалдары өндірісі халық сұранысын толық қанағаттандыра алып отыр ма?

Міне осы тақырып аясында Түркістан қаласы бойынша жалпы 297 көпқабатты тұрғын үй бар, оның ішінде 83 үй Басқару формасын құруды қажет етпейді, 47 үй коммуналдық меншіктеі үйлер – көпқабатты тұрғын үйлерді үйлерді күтіп ұстау бойынша «Басқарушы компанияның» теңгерімінде, қалған 167 көпқабатты тұрғын үйлерге, оның ішінде 145 «Мүлік иелерінің бірлестігін» және 22 «Жай серіктестік» құруды қажет етеді. Қазіргі таңда «МИБ»-120 көпқабатты үйге және «ЖС»-17 көпқабатты үйге тіркелген. Келесі мәселе – қаланы жылумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда, 14 қазандықтан жалпы орталықтандырылған жылумен қамтылған нысан саны – 347. Оның ішінде, орталықтандырылған көпқабатты тұрғын үй саны – 199 (жалпы көпқабатты тұрғын саны – 313, ал 114 тұрғын үй автономдық жылумен қамтылған) ал 148 әлеуметтік нысан, жеке және заңды тұлғалар орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуде.

Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен құбырларды кезең-кезеңімен ауыстыру қажеттілігімен 1 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу құбырларының тозу деңгейі шамамен 79 пайыздан 30 пайызға төмендеді, 2023 жылы тозығы жеткен 3,7 шақырым жылу құбырына жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба іске асқан жағдайда құбырлардың тозу деңгейі 30 пайыздан 10 пайызға төмендейді. Ал ендігі мәселе – ауыз сумен қамтамасыз ету. Түркістан қаласында 42240 абонент ішінде ауыз сумен 41775 абонент, яғни 98,9% қамтамасыз етілген. Су алу көздері Біресек және Мырғалысай. Су жинау резервуаларына 72000 текшеметр су жиналып, халыққа берілуде.

2023 жылы 4 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған (1-2 м/а, Яссы және Шауғар, Жаңадан қоныстанған аумақтар, Яссы Шауғар – 10 178 абонент). Жоба құны 5323,8 млн теңге. Оның ішінде: Жаңадан қоныстанған аумақтар, Мақтазауыт, толық пайдалануға берілді. 1-2 м/а және Яссы-Шауғар нысандары 80% құрылыс жұмыстары аяқталады. Жыл соңына дейін пайдалануға береміз.

Нәтижесінде, жыл қорытындысымен ауыз сумен қамту деңгейі 99,5 пайызға жеткізу көзделуде. Қаланың дамуына тағы бір үлес қосып тұрған сала табиғи газ саласы. Қаламызды газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін 52 052 абонентке табиғи газ желісі қолжетімді болған.

Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 032 абонент немесе қала тұрғындардың 98,0% дербес шот ашып пайдалануда.

Газ құбырына қосылмаған 798 абонент (2,0 пайыз) бойынша ішкі монтаж жұмыстарын атқаратын мердігер мекемелермен бөліп төлеу бойынша ұсыныстар жолдануда. Ал, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табиғи газ желісіне қосылуға демеушілер ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Одан бөлек, Отырар мөлтек ауданында 5 қабатты 36 тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге қарастырылып, қазіргі таңда газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың проблемаларын шешудің маңызды құралы – ол ірі қала құраушы кәсіпорындармен бірлескен әріптестік бағдарламаларды іске асыру және мемлекет тарапынан бағдарламаның іске асуын бақылау болып табылады. Сонымен қатар, қаланың кәсіпкерлік ортасын дамытуға бағытталған негізгі іс-шара ретінде шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен, оның ішінде, қала құраушылармен кооперациялық байланыстарын құру неғұрлым қолайлы. Мемлекет тарапынан қалалардың қала құраушы кәсіпорындарына қолдау көрсету елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін береді.

Қорыта келгенде, қала экономикасының дамуын басқаруды жетілдіру үшін орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру маңызды. Сондай-ақ, жергілікті органдарға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды беру кезінде олардың қаржыландыру көлемі азаймай, бюджетті әзірлеу қала өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуы керек.

Ержан СМАҒҰЛ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы