- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметіне тариф және тарифтік сметаның бекітуге арналған өтінімі келіп түсті.
Өтінім оңайлатылған тәртіппен ұсынылды, онда субъектінің орташа жобалық тарифі 624,85 тенге/м3 ҚҚС-сыз теңгені құрады.
ТМРКД Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» МКК-ның басшысының және тұтынушылардың қатысуымен өткен жария тыңдауда айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, монополист субъектінің өтінімін қарау қорытындысы бойынша, орташа тариф 140,57 теңге/м3 ҚҚС-сыз мөлшерінде (ұсынылған деңгейден 77,5% төмендеді) бекітілді.
Аталған тариф Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» МКК-ның тұтынушылары үшін қолданылады.
Тариф 2023 жылдың 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.