Түркістан облысында «Замана Инвест» ЖШС-ның тарифібекітілді

325 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне «Замана Инвест» ЖШС-ның бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тариф және тарифтік сметаның бекітуге арналған өтінімі келіп түсті.

Өтінім оңайлатылған тәртіппен ұсынылды, онда субъектінің орташа жобалық тарифі  вагон-км үшін ҚҚС-сыз 500  теңгені құрады.

ТМРКД 2023 жылғы 6 қарашада «Замана Инвест» ЖШС-ның басшысының және тұтынушылардың қатысуымен өткен жария тыңдауда айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, монополист субъектінің өтінімін қарау қорытындысы бойынша, орташа тарифті 1 вагон-км үшін ҚҚС-сыз 156,10 теңгеге немесе ұсынылған мөлшерден 1 вагоно-км үшін 343,9 (немесе 68,78 %) теңгеге төмендетумен бекіту туралы шешім қабылдады.

Аталған тариф «Замана Инвест» ЖШС-ның тұтынушылары үшін қолданылады.

Тариф 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы